Индонезиядан келген профессорлар бір ай дәріс оқиды

Sultan Syarif Kasim Riau атындағы мемлекеттік ислам университеті Индонезиядағы жоғары білім берудің жоғары деңгейін көрсетіп келе жатқан ең үздік оқу орындарының бірі. Оқытудың озық үлгісі қалыптасқан. Соған қарай, бұл оқу орына түсуге қызығушылық танытатындар көп.

Осы оқу орнынан арнайы делегация бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне арнайы іс-сапармен келді. Университеттің басқарма мүшесі-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлвира Мұсабекова шетелдік әріптестерге оқу процесі және алдағы жоспарлар туралы айтып өтіп, жоғары білім беру саласындағы соңғы жаңалықтарды тілге тиек етті.

RLS 4238

 

Шетелдік әріптестер университет тарихымен танысуға ынта білдірді. Дулати университетінің Sultan Syarif Kasim Riau атындағы мемлекеттік ислам университетінің ректоры және проректорлары бастаған делегацияға оқу орнының ғылыми лабораториялары, кітапханасы және мұражайы таныстырылды. Соңынан екі университет арасында меморандумға қол қойылды.

RLS 4235

Екіжақты жасалған келісім аясында енді Sultan Syarif Kasim Riau атындағы мемлекеттік ислам университеті профессоры Зулфахми «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасында, Тедди Пурнамирза «Химия және биология» кафедрасында бір ай бойы дәрістер оқып, семинарлар өткізеді.

Прочитано 587 раз
Top