Спартакиадада сынға түсті

10 қазан – кәсіподақтар күніне қарай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жыл сайын профессорлар-оқытушылар мен қызметкерлер арасында жеңіл атлетикадан спартакиада өткізу дәстүрге айналған. Жарыс биыл қайта жаңғырған Республика күні мерекесіне орай «Жеңісім саған, Қазақстан» деген ұранмен өтті.

Бұл жарыс ұйымшылдық пен өзара тілеулестікке бастайтын әрі салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараға айналғанын айту керек. Топ құрып, бәсекеде озық шығу үшін қызметкерлер барын салды.Жалпы спартакиада жеңіл атлетикадан болғанымен, жарыстың қай-қайсысы да оңай емес екені белгілі.

2

3

4

5

6

7

8

9

10

         Спартакиадада әйелдер құрамалары 60 метрге жүгіруден жарысса, ерлер командаларының межесі 100 метр болып белгіленді. Бұдан кейін әр командадағы төрттік 100 метрлік қашықтықтағы эстафетадада сынға түсті.

         Эстафетадалық жарыста әйелдер құрамаларынан технологиялық факультеттің жүйріктер 1-орынды жеңіп алса, экономика және құқық факультетінің командасы 2-орынды еншіледі. Үздік үштікті ақпараттық технологиялар факультетінің құрамасы түйіндеді.

         Ерлер арасындағы эстафетадан «Әкімшілік» командасы жеңіс тұғырынан көрінді. «Өнер және спорт» факультеті 2-орыннан көрінсе, «Ұстаз» институтының жүйріктері 3-орынды місе тұтты.

         60 метрлік желаяқтар жарысында Айнұр Жұмашеваның көрсеткіші үздік болды. Жеңістің жүлдесі де соған бұйырды. Әйгерім Үрістенбек 2-орынды, Гульчехра Қуандықова 3-орынды еншіледі.

         100 метрлік қашықтағы бәсекеде Әлихан Нұртазақұлы жеңіс тұғырына көтерілді. Серік Ералиев пен Жамалбек Еркебек тиісінше 2 және 3-орындарды иеленді.

 

Прочитано 612 раз
Top