Жастар-startta!

Жастардың болашағына жағдай жасау дамитын елдің мақсат-мүдделерімен тығыз байланысты. Бүгінде елімізде жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуына қатысты туындған мәселелер шешімін табуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жастарға жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, төмен пайызбен несие  алуы сияқты міндет-ұсыныстар  айтылып, қазіргі таңда нақты шаралар қолданылуда. Студенттер біліммен қоса, қоғамдық жұмыстарға да атсалысу қажет. Бұл арқылы өзінің жан-жақтылығын аттырттырып, дұрыс бағатта жүре алады.

2

Республика бойынша үздік ондықтың қатарына енген, 60 жылдан астам тарихы бар іргелі оқу орны – Дулати университетіне биылғы жылы 4581 студент қабылданған. Жастардың таңдаған бағыттары әртүрлі болғанымен, мақсаты бір. Белсенді студент болып, жақсы маман атану. Ізденіске, білімге құштар жастар үшін университтің әр институты мен факультеттерінде студенттік деканаттар жұмыс жасайды. Жайдарлы, қызықты күндер мен жақын достар табу үшін көптеген жетістіктерге жеткен ұйымдар да бар.

3

4

1-курс студенттері үшін арнайы Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «JASTART» атты жастар ұйымдарының презентациясы өтті. 11 команда өздерін таныстырып, студенттік кезеңнің белсенді болуына шақырды. Әрбір сәтті бағалау керек екендігін көрсеткен жастардың бойынан жігер мен қайраттылықты байқауға болады. Ұйым төрағалары мен төрайымдары жетістері мен марапатарын жиналған көпшілікке көрсетіп, барлық жастың қолынан келетінін айтты. Сондай-ақ, университет түлектері арнайы қонақ ретінде шақыртылып, командаларға сәттілік тіледі.

5

6

Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысы көрсетілген бұл кеш нағыз студенттердің мейрамы болды. Әуелетіп ән салынды, қағытпа әзілмен қалжыңдар айтылды, жырлар мен күйлер ойналды. Ең бастысы жастар өздерінің таланттарын еркін әрі жоғары деңгейде көрсетті.

7

Дулати университетінің медиа-қызметі.

Прочитано 654 раз
Top