Ғалымдардың назары – саладағы жаһандық трендтерде

XXI ғасыр – білім мен ғылымның заманы. Ақыл-ойдың дамуы, инновация, цифрландыру мен креативті бастамалар кезеңі. Жыл өтпей жаңғырып, асқан жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Ендеше, ғылымның дәуірлеу кезеңіндегі жаһандық трендтер қандай? Ел жастары ғылым-білімдегі әлемдік көшке ілесуі үшін не істеу керек?

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығы ұйымдастырған семинарда осы мәселелер талқыланды. Университеттің зерттеу және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Дания Нұрмұханбет мұндай семинарлардың халықаралық деңгейдегі байланысты арттыруға ықпалы зор екенін айтып өтті.

Семинарға арқау болған «Жоғары білім және ғылым жүйесіндегі әлемдік трендтер» тақырыбы – ізденісте жүрген жас зерттеушілерге керек әңгіме болғаны анық. Олар білім берудегі жаһандық трендтер мәселелерін қамтыған ғалымдар басқосуында маңызды сауалдарға жауап тапты.

Халықаралық зерттеу және білім беру жобалары мен бағдарламаларының тиімділігін және университеттің профессор-оқытушылық құрамы докторанттар, магистранттар және студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыру мақсатында өткен семинарда Түркия, АҚШ және Литвадан келген 4 спикердің баяндамалары тыңдалды.

Ауқымды әрі қажетті тақырыпты қозғаған мұндай оқу семинарлары шетелдік университеттердегі жетекші оқытушылар мен практиктер, жетекші зерттеушілермен тәжірибе алмасу үшін қажет. Оларды университетпен ынтымақтастыққа тартуға өз септігін тигізеді. Оқу орнының академиялық алмасу бағдарламаларын жүзеге асырудың бір жолы – осы.

3

1

4

Прочитано 691 раз
Top