Табанды еңбектің жемісі – табыс екенін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің зерттеушілері тағы бір дәлелдеді. Оқу орнының 2 оқытушысы философия докторы ғылыми дәрежесін иеленді.
Атап айтсақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті диссертациялық кеңесінің №7 хаттамасы шешімімен Асланбек Мырзахметовке – 6D070300 Ақпараттық жүйелер БББ бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті диссертациялық кеңесінің шешіміне сай Әсем Садықоваға 6D011400 – Тарих БББ бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
Сондай-ақ Дулати университетінің 4 оқытушысына қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. Еңбектің жемісін көріп отырған ғалымдар – Сейітжан Орынбаев, Мира Ержанова, Лаура Сүгірова, Сағат Мұқышев.
Табысқа қол жеткізген ғалымдарды университеттің зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет арнайы қабылдап, марапаттады.
Сондай-ақ университеттің 315 профессор-оқытушылар құрамы Аманат партиясының қатарына қабылданып, партиялық билеттерін алды.