Жылдың ең ұтымды жобасы

2022 жылды – Балалар жылы деп жариялағанда, 12 айдың ішінде ұсынылатын жобалар мен бастамалардың бәрі өзара сабақтасып тұратынына күмән болған жоқ. Жалпы жас жеткіншектердің игілігі үшін атқарылатын жұмыстар әр жылы толас таппайтыны белгілі. Елдің ертеңі солар болған соң, барлық іс балалардың болашағын қамдаудан басталуы заңдылық.

Балалар жылына орай, ел көлемінде елеулі іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Солардың ішінде балғындар тәрбиесіндегі тұтас жүйені қамтыған ең ұтымды жобаны М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ұсынды. Ерекшелігі – білім беру жүйесінің барлық сатысын қамтылуында. Ал оқыту мен тәрбиелеу процесі – балаларға деген қамқорлықтың ең тиімді үлгісі екені сөзсіз.

 «Балабақша – мектеп – жоғары оқу орындары» байланысындағы І фестиваль аясында Дулати университетінде бірнеше маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Соның бірі – оқу орнының бас ғимаратында өткен университет ғалымдарының «KIDS UNIVERSITY» жобасы мен Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің «KASCUNET балалар университеттері желісін құру» ғылыми-зерттеу жобасы аясында ғылыми ынтымақтастықты нығайту бойынша кездесу.

2

Жалпы білім беру ісінде кездесетін түйткілді проблемалардың себебіне үңілсек, «KIDS UNIVERSITY» жобасы мен Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің «KASCUNET балалар университеттері желісін құру» ғылыми-зерттеу жобасының маңызы ашыла түседі. Осы тұрғыдан алғанда, бұл бастама үлкен мәнге ие.

Өзара әріптестік байланысты нығайтуға жол ашқан кездесуде білім беру процесіндегі өзекті мәселелер сөз болды. Оқытудың үш сатысындағы білім мекемелерінің қарым-қатынасы жайлы айтылды.Кездесуден кейін Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті ғалымдарының Дулати университетінің музейімен танысты.

Фестиваль шеңберіндегі іс-шаралар Дулати университетінің студенттері мен магистранттары және Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушыларына өткізген «Шебер сыныптарда» жалғасын тапты.

Балалар жылына орай ұйымдастырылған фестиваль екі күнге созылды.  «Ақүрпек» бөбекжай бақшасында «Ғылым және мен» атты мектепалды даярлық тобындағы балалармен студенттердің танымдық сабақтар өтті. Бұдан кейін Тараз қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясында «Мен ғалым боламын» атты студенттердің мектеп оқушылары арасындағы зияткерлік шығармашылық жұмыстары сараланды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институты, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының бастамасымен өткен фестивальге Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалымдары, «Ақүрпек» бөбекжай бақшасы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының педагогтары, «Үздіксіз және мектепке дейінгі білім беру Қазақстан ассоциясының филиалының» ғалым-профессорлары қатысты.

3

4

5

Прочитано 899 раз
Top