Үздік білім – жақсы жұмыс, жоғары табыс табудың ең негізгі кілті.

Шекара асып біліктілікті арттыру, көкжиекті кеңейту заман талабы. Ол үшін ағылшын тілін меңгеру, бірнеше сынақтардан өту қажет. Ең бастысы мамандығыңды шыңдап, ізденісті тоқтатпасаң болғаны.

Қазіргі таңда барлық ЖОО-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттер үшін жақсы мүмкіндік сыйлауда.  Апта, ай немесе бірнеше жыл тәжірбиеден өту студент үшін үлкен жетістік.

Дулати университетінің студенттері жаңа оқу жылын Малайзия, Испания, Германия, Түркия елдерінде бастады. Академиялық ұтқырлық бойынша конкурстық гранттардың иегері атанған білімгерлер жақсы нәтижемен көзге түсуде. Бүгінде жаңашылдыққа құштар Шет тілі мұғалімдерін даярлау және Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау мамандығының 3-курс студенттері Польша мемлекеті,  Познан қаласы, Адам Мицкевич  университетінде оқуға мүмкіндік алды. Студенттерді Дулати университетінің ректоры міндетін атқарушы Гульвира Мусабекова қабылдап сәттілік тіледі. Білімге ұмтылған әр жасты қолдау – университеттің басты миссиясы екенін атап өтті. Жиын соңында студенттерге университеттің имидждік өнімдері тарту етілді.

WhatsApp Image 2022 09 28 at 18.06.21

WhatsApp Image 2022 09 28 at 18.06.28

Дулати университетінің медиа-қызметі.

Прочитано 710 раз
Top