Дуалды оқыту элементтерін оқу процесіне енгізу керек

Оқу процесіне практикалық дағдыларды енгізу қажет екендігі туралы мәселе көтеріліп жүргеніне көп болды. Алайда, оның тетіктері дуалды жүйеде кеңінен қарастырылған соң, тақырып көп талқыланса да, тәжірибеге енгізілмеген еді.

Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университеті (Германия) мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің арасында жасалған Ынтымақтастық туралы келісім-шартқа сәйкес, Таразға арнайы шақырылған шетелдік оқытушылар осы жүйені оқу процесінде қолдану мәселесін қолға алды.

Дулати университетінің «Әлем тілдері» кафедрасы ұйымдастырған семинарда дуалды оқыту элементтерімен танысу және оқу процесіне енгізу мәселелері кеңінен талқыланды. Әрине, бұл ретте бастамашы болған біздің оқу орнынының оқытушылары екенін айта кеткен жөн. Семинарда дуалды білім беру жүйесінің теориялық және практикалық негізі жайлы әңгіме қозғалып, оқытушылар дуалды оқытуды жоғарғы оқу орнына енгізу тәжірибесімен танысты.

Семинар спикерлері Германиядағы дуалды оқыту тәжірибесіне тоқталып, Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университетіне дуалды оқыту тәжірибесін енгізгендегі тәжірибелерімен бөлісті. «Әлем тілдері» кафедрасының дуалды оқыту элементтеріне қатысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.

WhatsApp Image 2022 09 26 at 15.30.08

 

Прочитано 889 раз
Top