Ғалымдар байланысы білім берудегі бәсекені арттырады

Жоғары білім беру ісінде сапаға қол жеткізудің жолы – шетелдік ғалымдармен байланысты арттыру. Әріптестік қарым-қатынас, өзара тәжірибе алмасудың оқыту процесіне оң әсері көп.

Министрліктің № 155 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғалымдар санын бөлу жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне шетелдік ғалымдарды шақыруға 6 орын орын бөлінді.

Соның негізінде Түркияның Кастамону университетінің ғалымы Kutay Oktay «Экономика және құқық» және «Технологиялық» факультеттерінде 21 қыркүйектен 20 қазанға дейін дәріскер ретінде университетке қабылданды.

Кутай Октай 1 ай бойы Дулати университетінде семинарлар, лекциялар және мастер-класстар өткізеді. Магистранттар мен докторанттарға ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша кеңес береді. Сондай-ақ білім бағдарламалары мен оқытушылардың жазған еңбектеріне рецензиялар жазып, университетіміздің оқытушыларымен бірлескен мақалалар жариялайды деп жоспарлануда.

308190977 974282730640414 7059089178111887840 n

308206532 974282760640411 1160428832394330385 n

Прочитано 1263 раз
Top