Фулбрайт бағдарламасы - біліктілікті арттырудың жолы

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне Фулбрайт бағдарламасы шеңберінде ағылшын тілінің ассистенті Эван Аллен шақырылып отыр. Білікті маман 2 қыркүйектен бастап, 2023 жылғы 30 маусым аралығында оқытушыларға тіл үйрету үшін дәріс өткізеді.

Мақсат - өзара тәжірибе алмасу, оқытушылардың біліктіліктерін жетілдіру. Бұл бағдарлама - әлемдегі ең танымал және беделді бағдарламалардың бірі. Фулбрайттың шетел тілін оқыту бойынша көмекші бағдарламасы (FLTA) Қазақстандағы қазіргі немесе болашақ ағылшын тілі мұғалімдеріне біліктіліктерін арттыру, ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру және американдық қоғам мен мәдениет туралы білімдерін кеңейту мүмкіндігін беру арқылы АҚШ университеттеріне қазақ тілін оқытуды нығайтуға көмектеседі.

Жұмыс барысында Эван Аллен университеттің барлық қызығушылық танытқан студенттері мен оқытушыларының арасында «Speaking club», «Movie club» және семинарлар өткізеді.

305806512 960749615327059 2031917870558115167 n

WhatsApp Image 2022 09 06 at 11.44.24

Прочитано 686 раз
Top