Дулати университетіне де оқу грантын бөледі

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры білім гранттары» бағдарламасына қатысатын жоғарғы оқу орындары мен қайырымдылық ұйымдары тізімін жариялады.

Қайырымдылық бағдарламасына жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын 75 білім беру ұйымы мен білім беру саласындағы 2 қайырымдылық ұйымы қатысады. Бұл тізімге М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Халықаралық Тараз инновациялық университеті де енген.

Жоғары білім беру ұйымдары өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша білім гранттары мен шәкіртақыларды беру үшін бағдарлама қатысушылары мынадай критерийлер бойынша іріктеледі.

Алдымен ҰБТ тапсыруы тиіс. Нақтырақ айтсақ, оның нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті өту балын жинаған болуы тиіс. Басымдықауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққандарға, жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға беріледі.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар талапкерлердің арнайы атаулы грантты жеңіп алуға мүмкіндігі көп.

Бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерден:

  • * мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедек тұлғалар;
  • * жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
  • * ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
  • * мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылардан шыққан тұлғалар;
  • * ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек тұлғалар.

2022-2023 оқу жылына арналған «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры білім гранттары» қайырымдылық бағдарламасына қатысатын 75 ЖОО мен студенттер өтінім бере алатын қайырымдылық ұйымдардың тізімін қордың ресми сайтынан көруге болады.

Прочитано 748 раз
Top