Дулати университеті алтыншы орынды иеленді

Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заман жас ұрпаққа сапалы білім беру жолында оқытушының, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Жастардың жан-жақты болуы үшін еліміздегі білім беру мекемелері сұранысқа сай болуы қажет. Осы мәселе бойынша «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» 2022 жылға Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарына рейтингін жүргізді. Нәтижесінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 6-орын алып, үздік ондыққа енді.

Университеттің білім беру сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі – оның республикадағы, сондай-ақ шетелдегі университеттер рейтингісіндегі орны. Рейтинг көбіне көшбасшыларды салыстыратын және жеңімпаздарды анықтайтын өлшемдерден тұрады.

2021 жылы институционалды рейтинг 13 жыл қатарынан, ал бакалавриат/магистратура білім беру бағдарламалары рейтингі 9-рет өткізілген. IQAA рейтингісінің негізгі артықшылығы уақытпен тексерілген беделділігі, әділділігі және сенімділігі. Дулати университетінің білім беру бағдарламалары мен оқытушы-профессор құрамы, ғылыми жетістігі, техникалық базасы Республика бойынша сынға түскен 35 ЖОО-ның ішінен 45,05 балдық көрсеткішпен 6 орынға жайғасуы білім ордасының сапалы жұмысын, білікті мамандарын көрсете алады.

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ.

Прочитано 1094 раз
Top