Дарындылық-менеджмент бағдарламасы – жас дарындардың жолы

Қай салада да білікті кадр – істі ілгерілетудің негізгі кілті. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызды құралы және жоғары оқу орындарының тиімді дамуына ықпал ететін негізгі капиталы да – дәл осы кадрлық ресурстар. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білім беру ісіндегі бай тәжірибесі 908 профессор-оқытушылар құрамының еңбегімен арқылы қалыптасқан.
Университетте штаттық оқытушылар қатарында 33 ғылым докторы, 259 ғылым кандидаты, 70 PhD докторы, 495 магистр бар. Бұдан басқа, ҰҒА, салалық ғылым академиялары мен Кәсіби қауымдастықтарының құрамына кіретін 25 адам жұмыс істейді. Жалпы алғанда ғылыми дәрежелілік көрсеткіші 40,2 пайызды құрайды.

Ал жас дарындарға жол ашқан Дарындылық-менеджмент бағдарламасын жүзеге асыру үшін сырттан дәріс оқу үшін 20 доктор, ғылыми кандидат және PhD докторлар шақырылады. Бұл – ғылымға ден қойған зерттеушілерге берілген үлкен мүмкіндік. Осы арқылы олардың зерттеу нысандарының аумағы кеңейіп, тәжірибе алмасуда. Университетте 10 талапшыл жастың зерттеу жұмыстарын сәтті қорғап, ғылыми және академиялық дәреже алуы – соның дәлелі.
Дулати университетінің оқытушылары соңғы үш жылда «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» республикалық конкурсында 18 жүлде олжалады. Атап айтсақ, 2019 жылы – 12, 2020 жылы – 4, ал былтыр екі жас ғалым үздіктер қатарынан көрінді.

Оқытушыларға түрлі шетелдік бағдарламалар аясында үлкен қолдау көрсетілуде. Дулати университетінің 4 оқытушысы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына ғылыми тағылымдамаға жіберілді. Атап айтқанда, Ұлыбританияның «Dandee University»-де, Венгрияның Будапешт метрополитен университетінде, Польшадағы Люблин политехникалық университетінде, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Нағыз өз кәсіби маман атану үшін осындай білімді, білікті профессор оқытушылардан дәріс алудың маңызы зор. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» деген сөз бекер айтылмаған.

Прочитано 750 раз
Top