«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7 «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы және маманының бос лауазымдарына орналасуға конкурс бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7.

Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар.  «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы үшін: жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімінің болуы, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті білімінің, тәжірибесі мен біліктілігінің болуы, ұйымдастырушылық және талдамалық қабілеттері мен дағдыларының болуы, біліміне сәйкес кәсіби салада жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде екі жыл жұмыс өтілі болуы, Қоғам қызметінің ерекшелігін білуі.«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің маманы үшін: жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімінің болуы, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті білімінің, тәжірибесі мен біліктілігінің болуы, ұйымдастырушылық және талдамалық қабілеттері мен дағдыларының болуы, біліміне сәйкес кәсіби салада жұмыс өтілі кемінде үш жыл, Қоғам қызметінің ерекшелігін білуі. 

Конкурсқа қатыса алмайды:

  • 1) жиырма бес жасқа толмаған;
  • 2) бұрын сыбайлас жемқорлық жағынан құқық бұзушылық жасаған;
  • 3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • 4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;
  • 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

  • 1) белгіленген нысандағы өтініш;
  • 2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • 3) белгіленген үлгідегі 3х4 түсті фотосуретімен конкурсқа қатысушының белгіленген нысандағы қызмет тізімі;
  • 4) салыстыру үшін түпнұсқаларын көрсете отырып, білім туралы құжаттар және оларға қосымшалар;
  • 5) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • 6) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (медициналық кәсіби консультациялық қорытынды) № 075/у нысаны;
  • 7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;
  • 8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  • 9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Корпоративтік хатшысына келесі мекен-жай бойынша жеткізу қажет: Тараз қ., Ы.Сүлейменов көш., 7 (каб. 1.1.108), тел.: 8 7262 457978.

Прочитано 1034 раз
Top