Ташкент институтымен ынтымақтастық артады

Педагогикалық білім беру порталы Дулати университеті мен Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институты арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың алтын көпіріне айналды

АР09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» ғылыми жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор К.Д.Бузаубакова және п.ғ.к., доцент м.а. М.С.Елубаева Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми тағылымдама барысында Жоба жетекшісі К.Д. Бузаубакова болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында ашылған www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталымен таныстырып, инновациялық тәжірибесімен бөлісті.

19 факультеті, 22724 студенттері, 1044 оқытушылары және 122883 электронды ғылыми қоры бар Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталына үлкен қызығушылық танытты.

Болашақта М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институты арасында ғылыми ынтымақтастыққа жұмыс жасау ұйғарылды.

WhatsApp Image 2022 06 28 at 11.10.20

WhatsApp Image 2022 06 28 at 11.10.212

WhatsApp Image 2022 06 28 at 11.10.211

Клара БУЗАУБАКОВА

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университеті «Педагогика» кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.д., профессор

Прочитано 714 раз
Top