Әулие-ата жастары басталуы 20 шілде

Мыңжылдық тарихы бар Тараз қаласында алғаш рет жастарға арналған "Әулие-Ата жастары" бағдарламасы іске қосылады!

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі келесі мамандықтар бойынша жұмыс істейтін жастар қатыса алады:
- Мұғалім;
- Дәрігер немесе медбике;
- Мәдениет қызметкері;
- Спортшы, жаттықтырушы-оқытушы;
- Журналист;
- Жоғары оқу орын оқытушысы және ғылыми қызметкер.

Бағдарламаға қатысушылардың Жамбыл облысындағы ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде соңғы 12 айдан кем болмауы тиіс.

Отбасының әр мүшесіне шаққандағы табысы 3,9 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (1 КМ – 37 389 теңге). Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек.

"Әулие-Ата жастары" бағдарламасына қатысу туралы өтінімдер 20 шілде – 30 шілде аралығында www.e-jambyl.kz порталы арқылы қабылданатын болады.

Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың тізімі жасалып, Отбасы банкіне жіберіледі. Банкте үміткер төлем қабілеттілігін тексеріп, нарықтан пәтер табуы қажет.

Бағдарлама шарттары:

Несиенің максималды сомасы 13 миллион теңгеге дейін (егер жылжымайтын мүлік 13 млн теңгеден асатын болса, айырмасын өз қаражатыңыздан төлеуге болады)

Несие мөлшерлемесі - жылдық 5%

Бастапқы жарна 5% -дан бастап

Несиенің максималды мерзімі - 19 жылға дейін

Тұрғын үйді алғашқы және қайталама нарықтан және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігімен салынып жатқан нысандардан сатып алуға болады.

Әзірше депозит ашып, бастапқы жарна жинақтауға кеңес береміз. Ал депозитті банк кеңесшілері немесе банк операторларына видео қоңырау шалып та ашуға болады.

Дәл осындай жастарға арналған бағдарламалар Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларында да бар.

Прочитано 983 раз
Top