ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАЛДЫ

Қос дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алған М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің магистранты диссертациялық жұмысын қорғады.

"Ақпараттық жүйелер" кафедрасының 7M06113-"Корпоративті ақпараттық жүйелер және технологиялар" білім беру бағдарламасы бойынша білім алған магистрант Регина Губарева "Ақылды қала деректерінде уақыт үлгілерін алу" тақырыбындағы жұмысын Браганса политехникалық университетінен (Португалия) онлайн режимінде қорғады.

WhatsApp Image 2022 06 15 at 11.32.32

Магистрлік диссертацияда суды тұтыну туралы үлкен деректерге талдау жүргізілген, пандемияның, әлеуметтік құбылыстардың, демографиялық үрдістердің ресурстарды жұмсау трендтеріне әсері қарастырылған. Диссертациялық жұмыстың ғылыми жетекшілері - "Ақпараттық жүйелер" кафедрасының доценті, т.ғ.к. Боранқұлова Гаухар Сәрсенбайқызы және Браганса политехникалық университетінің профессоры Руи Педро Лопес өз сын-пікірлерінде жұмысқа жоғары баға берді. Қос тараптың комиссия мүшелері жұмысты «өте жақсы» деп бағалады.

Бұл жұмыс М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Браганса политехникалық университеті арасындаға қос дипломдық білім беру бағдарламасының алғашқы нәтижесі. Қорғау соңында әріптестер бір-бірін алғашқы жетістікпен құттықтай отырып, алдағы уақытта әріптестік қарым-қатынас нығая түсетініне сенім білдірді.

WhatsApp Image 2022 06 15 at 12.24.26

Прочитано 1090 раз
Top