Үздіктердің үздігі марапатталды

Білім беру үздіксіз жүретін процесс болған соң, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жағымды жаңалықтар жыл бойы толастамайды. Ғалымдар ғылым жолында толағай табысқа жетіп, білім ордасының мәртебесін көтерсе, ұстаздар қауымы «Үздік педагог» дәрежесін жыл сайын иеленуде.

Университет ректоры Талғат Ешенқұловтың қатысуымен өткен ғылыми кеңес осындай жағымды жаңалықпен басталды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының жалпы жиналысы шешімімен Алдаберген Мәлібеков академияның корреспондент-мүшесі болып сайланды. Алдаберген Қадырбекұлы университет тарихында тағы бір асқаралы биік белесті бағындырды.

Сондай ақ, Рабига Әлімбетова ТМД ғылыми, білім беру мекемелері арасында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» ұйымдастыруымен өткізілген  «Үздік педагог – 2022» конкурсында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік педагогы – 2022» байқауының бірінші дәрежелі дипломымен университетіміздің 3 қызметкері марапатталып, үздіктердің үздігі деген атаққа ие болды. Атап айтар болсақ, «Философия және саясаттану» кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Расилхан Жуншеев, «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Асқар Иманбаев, «Мұнай-газ және тау-кен ісі» кафедрасының аға оқытушысы Заида Махитова бірінші дәрежелі дипломдары мен куәліктері және медальдері табысталады.

Жиын соңында университетіміздің ректоры – Ғылыми кеңесте айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере келіп, атқарылған жұмыстарға өз бағасын берді. Алдағы уақытта орындалатын игі істердің сапалы болуы басты міндет болып қала беретіндігін жеткізді.

DSC 0883

DSC 0886

DSC 0893

DSC 0896

DSC 0901

Медиа-қызмет.

Прочитано 712 раз
Top