Балалар болашағына арналған баянды мәселе

Балалар жылында тек іс-шаралар өткізумен шектелмей, жас ұрпаққа білім және тәрбие беру ісіндегі тұжырымдарымызды қайта қарап, бұл іске қоғамды жұмылдыру жағында ойлағанымыз жөн. Осындай өзекті міндеттерді мақсат еткен жиын Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде өтті.

«Қазақстан Балалар университеттерінің І республикалық слетіне» М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының п.ғ.к., қауымдастырылған профессоры (доцент) З.Қашқынбаева қатысып қайтты.

Жалпы бұл жиынға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің өкілдері қатысты. Слет бағдарламасында «KIDS-EXPO 2022» атты балалардың ғылыми шығармашылық көрмесі,  балаларға арналған квест, «Қазақстандағы балалар университеттерінің даму перспективасы» атты дөңгелек үстел, физика, информатика, математика, биология, география ғылымдары бойынша шебер-сыныптар, кітаптар көрмесі көрсетілді. Мұнда тың идеяларға толы жобалық зерттеулер,  электронды GIS  атластар, балалар экспериментіне арналған жинақтар, роботтар моделі, TINCERCARD виртуальды платформасы, 3D принтер мен дрон жұмыстары таныстырылды.

«GIS дизайн», «EDUHitech», «VR/DR және 3D баспа», «Bio-Foodsystems», «Water», «Psyсhomagiс»  бағыттары бойынша балалар ғалымдардың жетекшілігімен жасаған ғылыми өнертапқыштық жаңалықтарымен бөлісті. Бұл бағыттар оқушылардың зияткерлік қабілетін, шығармашылық жігерін, ғылыми-дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына ықпалы зор.

2

3

4

5

Прочитано 974 раз
Top