Сенат депутаты Дулати университетінің профессор-оқытушыларымен кездесті

Елдегі саяси жүйесінің өзгеруі – ең алдымен халыққа қажет. Сарапшылар референдумда Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістер мемлекеттік жүйеге оң әсер етеді деген пікір білдіруде. Сондықтан 27 жылдан кейін өткізілгелі жатқан референдум ел өміріндегі елеулі оқиға болмақ. Ал осындай тарихи әрі маңызды кезеңде азаматтық белсенділік танытып, таңдау жасау – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушыларымен кездесу өткізген Парламент Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев осыған тоқталды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов халық елде өзгеріс болғанын күтетінін айта келе саяси реформалар сол өзгерістерге бастайтынын қозғады. Референдумға қатысудың маңыздылығы да осында екенін атап өтті.

Абдалы Тоқбергенұлы кездесуде ел алдында тұрған маңызды іс-шара – референдум туралы кең көлемде түсініктер берді. Мемлекет басшысы ұсынып отырған Конституцияға енгізілетін өзгерістер елді демократияландыруға жасалған батыл қадам екенін атап өтті. Өзгеріске түсетін 33 бапқа кеңінен тоқталып, әрқайсының маңызын жеткізді.

Кездесуде  профессор-оқытушы құрамдар мен  белсенді жастардың басын қосқан бұл жиында қатысушылар көптеген мәліметтерге қанық болды.

Өздерінің көкейінде жүрген сан сауалдарын ашық микрафон арқылы сенат депутатына жолдап толық жауап ала алды.

Жиын соңында оқытушылармен еркін пікір алмасқан Абдалы Нұралиев өзінің Дулати университетінің түлегі екенін айтып өтті. Жоғары оқу орнының қайбір жетістігін көргенде марқайып, кеудені қуаныш билейтінін жеткізді. Қатысушылардың барлығын ел тарихындағы атаулы күнге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

2

3

4

5

Медиа-қызмет.

Прочитано 631 раз
Top