Жас зерттеушілерге жол ашқан жоба

Жас жеткіншектердің бойында ғылымға деген құштарлық ерте оянады. Ал осы қызығушылықты ертерек байқап, оны дұрыс бағытқа бағыттай білу – аса маңызды. Осы тұрғыдан алғанда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жас зерттеушілерге жол ашатын тиімді жобаларды жүзеге асырып келе жатқанын айту керек.

Мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтып, білім берудің қос сатысындағы үздіксіз үдерісті тиімді үйлестіріп отырған Дулати университеті биыл «Жас зерттеуші» облыстық ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырған болатын. Игі бастаманың ұйытқысы болып отырған –

 университеттің филология және журналистика кафедрасы.

10 аудан мен Тараз қаласындағы мектеп оқушылары (9-11 сынып) арасындағы  «Жас зерттеуші»  облыстық ғылыми жобалар байқауына қатысуға өтінім білдіргендер көп. Жас зерттеушілердің назарын Алаш қайраткері, ақын, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының лингвистика саласына қатысты мұраларын зерттеуге, сонымен қатар әдебиеттанушы ғалым Мұхтар Әуезовтің бай мұраларын саралау, талдау, насихаттауға аударуды мақсат тұтқан іс-шара өзінің көздеген үдесінен шықты.

2 3

Байқауға облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Is Group Pharma» ЖШСқолдау көрсетіп, демеушілік жасағанын айта кеткен жөн.

Байқауға жалпы 40-қа жуық жұмыстар келіп түсті. Іріктеу кезеңінен өткен 26-сы сараланып, плагиатқа тексерілуге ұсынылды. Плагиаттан 9 жұмыс өтіп, арнайы құрылған комиссияның шешімімен 6 жұмыс жүлделі орынға ие болды.

Атап айтсақ,А.Байтұрсынұлын қазақ терминологиясының негізін қалыптастырушы ғалым ретінде танытқан, сонымен қатар терминологиядағы заманауи проблемалар туралы зерттеген Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның оқушысы Дана Есенқұлова (жетекшісі Заида Момушева) 1-орынды жеңіп алды.

Ал Тараз қаласындағы №54 орта мектептің 11 сынып оқушысы Әсем Асылбек (жетекшісіСағадат Мейрамбайқызы) пен №21 мектептің 9 сынып оқушысы Жанерке Серікжанқызының (жетекшісі Гүлнар Көшек) жобалары 2-орынға лайық деп танылды. Қазақ газеті және қазіргі баспасөздегі ұлттық мәселелерді қарастырған №18 орта мектептің 9 сынып оқушысы ХолидахонСултанходжаева (жетекшісі Айбиби Үсенқұлова), №20 мектептің 9-сынып оқушысы Жайна Қалан (жетекшісі Салтанат Қоршыбек), №15 мектеп гимназиясының оқушысы Айлара Айтмаханбет(жетекшісі: Гүлжан Ережепова) 3-орынды иеленді.

4

Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатында университеттің гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Жамиля Темірғалиқызы жеңімпаздарды Талғат Ешенқұловтың атынан алғыс білдірді. 

3 3

7

8

Прочитано 884 раз
Top