Жеңіс тұғырынан көрінген студенттерге көрсетілген құрмет

Бразилияда өтіп жатқан 24-жазғы Сурдлимпия ойындарында жүлде қоржынына еркін және грек-рим күресінен Дулати университетінің студенттері Ғасыр Тұрғынбай мен Нұржан Асан 2 медаль салды.
Спортшыларды Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков және ел азаматтары, достары мен жақындары «Тараз арена» спорт сарайының алдына салтанатты түрде қарсы алды.

Жиында Нұрбол Жүнісбеков спортшыларды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта биік белестерді бағындыруна тілектес екенін жеткізді.

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел намысын еркін күрестен 74 келі салмақта Дулати университетінің 3-курс студенті Ғасыр Тұрғынбай қорғаған болатын. Финалдық белдесуде ғана қарсыласына жол берген жамбылдық балуан күміс жүлдені еншіледі. Балуанның жеке бапкері – Ерназар Қонысбаев.
Былтыр Ғасыр Тұрғынбай былтыр ел чемпионатында алтынды олжалап, спорттық бабында екенін дәлелдеген.
Сондай-ақ, бұған дейін еркін күрестен 57 келіде бақ сынаған Ғабит Есжанов күміске қол жеткізіп, ел мәртебесін асқақтатты.

Осы бәсі биік бәсекеде грек-рим күресінен 77 келі салмақта ел намысын қорғап, қола жүлдені жеңіп алған балуан Нұржан Асан – Дулати университетінің «Дене тәрбиесі» мамандығының 3-курс студенті екені мәлім. Асан Нұржанның сурдлимпиадалық ойындардағы қола жүлдеге қол жеткізгенге дейін жүріп өткен жолы оңай болған жоқ. Түрлі деңгейдегі жарыстарда шеберлігін шыңдап, былтыр ел біріншілігінде 77 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, өзінің мықтылығын дәлелдеген еді.
2

3

4

5

6

7

8

9

 

Медиа-қызмет.

Прочитано 2152 раз
Top