Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі мәжілісінде мәнді мәселелер талқыланды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде  «Су шаруашылығы» бағыты бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісі өтті. Басқарма төрағасы – ректор Талғат Ешенқұлов төрағалық еткен жиында негізгі 3 сұрақ қарастырылды. Соның ішіндегі маңыздысы – «Гидротехникалық құрылыс» және «Гидромелиорация» бакалаврларын дайындау үшін Орталық Азияның мамандары мен ғалымдары әзірлеген пәндердің оқу бағдарламаларын «Су шаруашылығы» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларына енгізу» мәселесі.

Оның жолдарына «Гидротехникалық құрылымдар қауіпсізідігі бойынша халықаралық оқу орталығының» директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Сагит Ибатуллин тоқталды. Ал «Су шаруашылығындағы кәсіби біліктілікті тану-қазіргі заманғы деңгейдегі кадр саясатының маңызды элементі» мәселесін Халықаралық Аралды қорғау қорының атқару дирекциясының сарапшысы, техника ғылымдарының кандидаты,  доцент   Демесін Нұрмағанбетов тарқатып айтты. Сондай-ақ су шаруашылығы бойынша жетіспейтін кәсіптік стандарттардың тізбесін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Академиялық саясат жөніндегі» департамент директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Мәлібеков Алдаберген Мәлібеков айқындап берді. Аталған мәселелер бойынша сұрақтар жан-жақты талқыланды. Жарыссөзге шыққан Мичиган университетінің профессоры, (Канада – АҚШ) Жанай Сагин Қазақстанда жер асты суларын пайдаланудың және осы бағытта мамандар даярлаудың  өзекті мәселелері бойынша сөз қозғады.

Осы мәжілісте  Су шаруашылығы» бағыты бойынша дайындалған және апробациядан өткен оқу-әдістемелік жұмыстар «Су шаруашылығы» білім беру бағдарламалары үшін оқулық ретінде ҚР БҒМ «Су шаруашылығы» бағыты бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігімен ұсынылған және ҚР БҒМ рұқсат етілген» грифте оқу үдерісіне енгізу үшін 7 оқу-әдістемелік құралдар қарастырылып, бектілді.

Әр сұрақ бойынша Кеңестің шешімі қабылданды.

2

Прочитано 588 раз
Top