Дизайн саласында жеке бизнес құрудың өзекті мәселелері бар

«Дизайн және сән индустриясы» кафедрасы осы саладағы жұмыс берушілердің басын қосып, «Дизайн саласында жеке бизнес құрудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсат – болашақ дизайнерлердің кәсіби дағдысын таныстыру. Оған «Дана-Дель» тігін шеберханасының директоры, «Шебер мекені» қауымдастығының төрағасы Б. Тоқтыбаева, «Набоко» сән үйінің директоры И. Набоко, «Асыл-Ай» тігін ательесінің директоры А. Садықова, «Маркиза» перде салонының директоры О. Иванова, сондай-ақ, «Халықаралық жаһандық әйелдер көшбасшылығы» ҚБ президенті Х. Балтаева Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келіп қатысты.

Бұл күні 6В02111-Сән дизайны кафедрасының оқытушыларына, студенттеріне өз идеяларын мен эскиздерін нағыз кәсіби мамандар алдында қорғауға мүмкіндік туды. Талантты дизайнерлердің туындылары майталман мамандардың назарын бірден аударғанын айту керек. Олар шығармашылық жұмыстарды республикалық және әлемдік деңгейге шығару жолдарын талқылады.

Х. Балтаева биыл наурыз айында Дубайда (БАӘ) өткен әлемге әйгілі дизайнер Мона Әл-Мансоури модельдерінің көрсетілімін таныстырды және біздің студенттер үшін Нұр-Сұлтан қаласында этнографиялық модельдерді көрсетуге қатысу туралы ұсыныс жасады.

Пікір алмасып, студенттердің шығармашылық жұмыстарын көргеннен кейін үш тарап – «Дана-Дель» тігін шеберханасының директоры, «Шебер мекені»қауымдастығының төрағасы Б. Тоқтыбаева, «Халықаралық жаһандық әйелдер көшбасшылығы» ҚБ президенті Х. Балтаева мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма мүшесі, зерттеулер және халықаралық зерттеулер жөніндегі проректоры Д. Нұрмұхамбет ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

2

3

4

5

Прочитано 827 раз
Top