Халықаралық деңгейде жас ғалымдардың алаңы

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті – жас ғалымдардың диалог алаңы десек, артық айтпаймыз. Оқу орнында ұйымдастырылып тұратын түрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар жас зерттеушілерге серпін беруде. Соның бірі – Дулати университетінде сәуірдің соңғы аптасында өткен жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдары бойынша «Жас ғалым»атты халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы.

Конференцияда 9 пленарлық баяндама және 12 секция отырыстарында 312 баяндама тыңдалды. Ұсынылған баяндамалардың ерекшеліктері – қызықты әрі саналуандығында. Онда ғылыми өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтыды. Ұлттық экономиканы дамытудың және шаруашылық қызметті талдаудың басым бағыттары, макроэкономикалық Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі жетекші өнеркәсіптік дамыған елдердің тәжірибесі жан-жақты қаузалған. Қарастырылған тақырыптардың ішінде өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсібін, мұнай-газ саласын, энергетиканы, көлікті, су шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері, экологияның қазіргі заманғы проблемалары, азаматтық, еңбек және қылмыстық құқық бұзушылық проблемалары бар. Сондай-ақ қазіргі заманның сабақтастығы мәселелері, адамгершілік, толеранттылық мәселелері, мистицизм, қазіргі жастарды патриоттық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және басқа мәселелер де назардан тыс қалмады.

Конференцияға 23 баяндамамен 7 шет мемлекеттің (Португалия, Польша, Россия, Украина, Беларусия, Қырғызстан, Узбекистан) 15 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша 86 жеңімпаз дипломдармен, оның ішінде І дәрежелі дипломмен – 27, ІІ дәрежелі дипломмен – 24 және ІІІ дәрежелі дипломмен – 35 студент марапатталды.

2

3

4

5

6

Прочитано 917 раз
Top