Қарағандыдан күміс жүлдемен оралды

2022 жылдың 15-22 сәуір күндері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті базасында  6В01405- «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша өткен  ХІІІ-ші Республикалық пәндік олимпиадаға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің атынан Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі кафедрасының 1-3 курс студенттері қатысты:

  1. Сейтқасым Қасиет Рахымұлы, 2-курс НВФП-21-3 тобының студенті.
  2. Әбілқасым Зейнеп Еркебекқызы, 2-курс НВП-20-3 тобының студенті.
  3. Есеналиев Алдияр Ерғалиұлы, 3-курс НВП-19-3 тобының студенті.

Аталған студенттер ХІІІ-ші Республикалық пәндік олимпиаданың алғыс хаттармен марапатталды.

Команда жетекшісі: «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы Сейтжанов Досым Сейтқасымұлы

Олимпиадада М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің командасы жүлделі 2-орынды иеленді.

Номинациялар бойынша:

  1. «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәнінен сұрақ-жауап бойынша 2-орын;
  2. Үздік сабақ бойынша 2-орын;
  3. Үздік эссе бойынша 3-орын.

2

Прочитано 728 раз
Top