Өзіңе тиесілінің төресі – зияткерлік меншік

Бір бұлтартпайтын шындық бар, инвестицияны интелектіні дамытуға жұмсағанда ғана игілігін ел көреді. Бүкіл әлемнің экономикасы тұтас дағдарысқа ұшыраған кезде – түгел адамзат ғалымдар мен өнертапқыштардың жолына қарайлап отырғаны да, сондықтан. Ал олардың өндіріске, басқаға серпін беретін жобалары бар ма? Жалпы өнертапқыштың өз байлығы – зияткерлік меншігі қаншалықты қорғалған? Осы және ғылым-білім мәселелері М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен дөңгелек үстелде талқыланды.

Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай өткен басқосуға университет ғалымдары мен магистранттар мен докторанттар қатысты. «Зияткерлік меншік объектілері және олардың қорғалуы» тақырыбын арқау еткен жиын шын мәнісінде жастар үшін пайдалы кездесу болғанын айта кеткен жөн. Тиімділігі – дөңгелек үстел форматының өзі екі бағытты, яғни әдістемелік нұсқаулықтар беру әрі тәжірибе алмасуды қатар ұсынғаны. Бір сөзбен айтқанда, модератор – университеттің зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет атап өткендей, дөңгелек үстелге айтқаны – өсиет, атқарған ісі – өнегеге айналған профессорлар шақырылып, жас ғалымдарға керек кеңес айтылды.

– Біздің университеттің ғылыми потенциялы жоғары. Айтулы профессор ғалымдарымыз бар. Олардың ғылым жолындағы тынымсыз ізденістері мен қол жеткізген жетістіктер – жастар үшін таптырмас тәжірибенің үлгісі.

Дулати университетінде тақырыптық жоспарға сәйкес 104 ғылыми-зерттеу бағытында жұмыс жүргізіліп жатқаны – үлкен табыс. Өздеріңізге белгілі оның екеуі – іргелі, 92-сі – қолданбалы, тағы 10-ы – тәжірибе-құрылымдық зерттеу тақырыптары, - дей келе Данияр Ысқақұлы ғылымды дамыту жолында алдыңғы буынның тәжірибесін пайдаланып, кейінгі толқынның ерік-жігерін ынталандыру қажет екенін айтты.

1

 

Сонымен дөңгелек үстелде көтерілген мәселелер мен кең қаузалған тақырыптардан жастар ойға не түйді? Университеттің ғылым және комменцияландыру департаментінің директоры Сейітжан Орынбаев «Өнертабыс түрлері және құрылымы» тақырыбына тоқталса, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің маманы Нұржан Жоламанов өнертабысқа өтінім құжаттарын рәсімдеу жолдарын түсіндірді.

2

Ал «Наноинженерлік зерттеу әдістері ғылыми-зерттеу зертханасының инженері Ерлан Атенов өнертабыс формуласы мен рефератын рәсімдеудің ерекшеліктері қандай екенін айтып берді. «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының аға оқытушысы Ерғали Рүстем «Жасанды бұжырлы телеағзалардың жаңа конструкцияларын жетілдіру» тақырыбын кеңірек қаузады. Сондай-ақ Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Су ресурстарын басқару» бөлімінің ғылыми қызметкері Талғат Иманалиев докторлық диссертациясының зерттеу нысандары туралы әңгімеледі.

Университеттің профессор-ғалымдары Әбдіманап Әбдіраманов, Сейітхан Қойбақов, Исабай Бекбасаров, Аймағамбет Сағындықов, Ағыбай Байтуреев, Бортан Қойайдаров сынды ғылым жолында табысқа жеткен аға буын жас зерттеушілерге, магистранттар мен ғалымдарға ақыл-кеңестерін айтты.

3

4

5

6

Прочитано 983 раз
Top