Дулати университеті шетелде таныстырылды

Халықаралық ынтымақтастық орталығының қызметкерлері Гүлнұр Исабекова мен Венера Рахымбекова Испанияның Уэльва университетінде халықаралық апталықта болып, "Study abroad fair"  білім беру көрмесіне қатысты. Көрме барысында испан және басқа да еуропалық жоғары оқу орындары арасында университеттің имиджін көтеру мақсатында  Дулати университетінің тұсаукесері ұйымдастырылды. Сапар қорытындысы бойынша Дулати университетіне Уэльва университетінде күзгі семестрде оқу үшін студенттерге 4 орын бөлінді. Сондай-ақ, Малага, Кастилья-Ла-Манча және Мурсия сияқты басқа да испан жоғары оқу орындарымен байланыс және ынтымақтастық мүмкіндіктері орнатылды. Сондай-ақ, Қазақстандағы Испания Елшілігімен ынтымақтастық орнату және университеттің студенттері мен ПОҚ үшін тегін испан тілі курстарын ұйымдастыру жоспарлануда.

2

3

4

5

7

8

 

Прочитано 636 раз
Top