Академиялық және әлеуметтік-эмоционалдық оқытудың ықпалдастығы

2022 жылдың 26 сәуірі күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  мен  Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бірлесе ұйымдастыруымен «Академиялық және әлеуметтік-эмоционалдық оқытудың ықпалдастығы» тақырыбындағы инновациялық практикалар эстафетасы республикалық семинары өтті.

Университетіміздің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Гульвира Мусабекова алғы сөз алып, тақырыптың өзектілігіне тоқталды және педагогтардың жұмысына сәттілік тіледі.

Эстафета барысында «Академиялық және әлеуметтік-эмоционалдық оқытудың ықпалдастығы» тақырыбында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының жетекші ғылыми қызметкері п.ғ.к. Райхан Мұратханова баяндама жасады. «Академиялық және әлеуметтік-эмоционалдық оқытудың тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетіне ықпалы» тақырыбында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к.  Аманғали Мұхтаров баяндама жасап, келген жалпы білім беру мектептері, бала бақшалар мен арнайы мекемелерден келген мамандарға сөз берді.

Стандартты немесе жоғары ставкалардан тестілеуден бастап қорқытуға дейін мектептерде оқушылардың стрессті бастан кешірудің көптеген жолдары бар. Оқушыларды эмоционалды дағдылармен жақсарту үшін, олар мектепте, олар мектепті тастап, жұмыс күшіне енгеннен кейін қажет болады. Көптеген мектептер әлеуметтік-эмоционалды оқытуды (SEL) қолдауға бағытталған бағдарламаларды қабылдайды. 

Эстафетаға  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Жамбыл облыстық педагогикалық-медициналық-психологиялық консультациясы, АСАР Мүгедек жастар қоғамыны, Абай атындағы Тараз гуманитарлық-педагогикалық колледжі, аудандардағы мектептер мен балабақшалардың спикерлері қатысып, өзекті баяндамалар арқылы ойларын жеткізді.

WhatsApp Image 2022 04 27 at 18.19.56

WhatsApp Image 2022 04 27 at 18.20.14

WhatsApp Image 2022 04 27 at 18.19.54 1

 

Прочитано 556 раз
Top