Мектеп оқушылары арасында “Үздік ғылыми жоба-2022” VIII Республикалық байқауы өтті

23 сәуір күні М.Х.Дулати университетінің М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында  2022 жыл - Балалар жылы аясында  М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Үздік ғылыми жоба - 2022» VIII Республикалық байқауын өткізді. Байқауға Алматы, Ақтау, Қызылорда, Шымкент,  Түркістан, Кентау, Тараз қалаларындағы  және Жамбыл облысындағы мектептерден 185 оқушы қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру, ой еңбегінің беделін арттыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін көтеру болып табылады.

3

«Дулати жастар» театрының «Кел балалар оқылық!» қойылымынан кейін  байқауды салтанатты түрде ашқан Басқарма мүшесі – Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы, байқаудың жас жеткіншектерді ғылымға баулудағы маңыздылығын айта келе, байқаудың өтуіне белсене қатысқан ұстаздарды Ректордың алғыс хатымен және белсенді мектепті арнайы естелік сыйлықпен марапаттады. Белсенді білім ұйым номинациясын Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия жеңіп алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Досыбаева айдын Орынбекқызы байқауға қатысушыларды құттықтап, оқушылардың ғылымға талпынысын арттыру туралы сөз қозғап, облыстың мектеп оқушыларының  ғылыми жетістіктеріне тоқтала кетті.

Байқау ұйымдастырушысы, Басқарма мүшесі - «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының директоры, Шилібек Кенжеғали Қошқарбайұлы байқаудың қысқаша тарихына және байқаудың ерекшеліктеріне тоқталды. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары, «Студент-зерттеуші» атағының иегерлері «Сәулет» мамандығының 5-курс студенттері  Косакова Мадина Танатқызын, Күдериева Мереке Нұрқанатқызын, Тулебаева Айжан Ғалымжанқызын «Университеттік технологиялық бизнес-инкубатор» корпоративтік Қорының сыйақысымен марапаттады.

2

Ашылу салтанатынан кейін, байқау қатысушылары  6 бағыт бойынша өз күштерін сынады. Байқау қорытындысымен Қор президенті Кенжеғали Шилібек таныстырып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді  І, ІІ. ІІІ дәрежелі дипломдармен, естелік медальдармен және мақтау қағаздарымен марапаттады. Байқау барысында оқушылар «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының ғылыми жетістіктер көрмесімен танысты.

4

5

6

7

8

9

13

12

11

Кенжеғали ШИЛІБЕК,

Басқарма мүшесі - «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының директоры

Прочитано 1207 раз
Top