Әлемді өзгерткің келсе – өзіңнен баста

Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік кітап күніне орай «Әлемді өзгерткің келсе – өзіңнен баста»  атты мерекелік шара өтті.

23 сәуір – әлем әдебиеті үшін атаулы күн. Кітап пен сөзге деген сүйіспеншілікте, шын мәнінде шек жоқ. Жыл сайын 23 сәуірде әлемнің 100-ден астам елінде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні атап өтіледі. Іс-шара кітап пен авторларға деген құрметтің және кітап оқуды насихаттаудың жарқын көрінісі болып табылады. Бұл мереке жаңа технологиялар ғасырында кітаптың қашанда көшбасшылық орында тұратынын, ал кітап оқу жанға ләззат сыйлайтынын еске салуға бағытталған.

Мерекелік шараны Дулати университеті Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет құттықтау сөзбен ашты. Сондай ақ, білімгерлерге кітап оқудың пайдасын айтты. Техниканың заманында кітап – білімге үйрететін ең төзімді ұстаз екенін алға тартты.

Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін құнды жәдігер – кітаптардан көрме ұйымдастырған кітапханалық-ақпараттық орталығының директоры Гүлжан Иржанова ғылыммен айналысатын студенттер үшін барлық жағдай жасалынғанын айтып, әр білімгер өз қажеттілігін кітапханадан  алатын болса міндеттің орындалатынын жектізді.

Кездесу соңында студенттер өздеріне ұнаған кітаптар туралы айтып ой бөлісті. Кітап оқуды әдетке айналдырайық деп өз кітаптарын достарымен алмастырды. Бұл үрдіс қарапайым болып көрінгенімен жақсы бастама. Өзгеруді өзімізден тастайық!

2

3

4

5

6

7

Медиа-қызмет.

Прочитано 616 раз
Top