Құттықтаймыз!

«Химия және химиялық технология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Маржан Қалмаханова ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпазы атанды.

«Қазақстандағы қалалық тазарту құрылыстарының ағынды суларындағы қауіп тудыратын ластаушы заттарды анықтау және тазарту» тақырыбындағы жұмысы конкурс нәтижесі бойынша 62.194.330 теңге көлемінде гранттық қаржыландыруға ие болды.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінде шығармашылық табыс, жаңа идеяларыңыздың, жоспарларыңыздың одан әрі жүзеге асырылуын тілейміз.

Прочитано 615 раз
Top