Жеңіл атлетикадан ашық біріншілік өтті

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған жеңіл атлетикадан жекелей ашық біріншілігі өтті. Бұл – Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі және оқу орнының «АӘД және дене тәрбиесі» бөлімінің ұжымының бірлескен іс-шарасы.

Жеңіл атлетиканы кеңінен насихаттау, жастарды белсенді, салауатты өмір салтына баулу, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруді көздеген жарыс өз үдесінен шықты. Жарысқа 100-ге жуық спортшы қатысты. Жалпы  №24 мектеп гимназиясы, «Ұстаз», «Су шаруашылығы және табиғатты пайдалану» институттары, «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар», «Ақпараттық технологиялар», «Өнер және спорт», «Экономика және құқық», «Технологиялық» факультеттерінің командалары бақ сынады.

Қыздар 60 метр қашықтыққа жарысты бірінші болып бастады. Наталья Бережная (№ 24 мектеп) айқын басымдықпен жеңіске жетті.Ұлдар арасында 100 метрлік қашықтықты «Өнер және спорт» командасынан Саламат Алияскеров озық шықты. 500 метр кашықтықта Фируза Жаборова (Ұстаз) үздік нәтиже көрсетті. 1000 метр қашықтықта Денис Степаненко (ӨжС) факультетінің студенті бірінші болып келді. Қыздар арасында 4х100 метрге эстафеталық жарыста №24 гимназияның командасы көш бастады.

Эстафеталық жарыста «Өнер және спорт» командасы үздік шықты. Ең көп жүлделі орындарға ие болғандар да осы топ. Ал № 24 мектеп гимназияның оқушылары екінші, «Ұстаз» командасы үшінші орынға ие болды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер, Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен, медальдарымен, грамоталары тапсырылды.

2

3

4

5

Болат Көпбаев,

«АӘД және дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы.

Прочитано 801 раз
Top