РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

2022 жылдың 29 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қашықтан өтетін «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» Республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысуға шақырады. Педагогикалық олимпиадаға республиканың барлық жалпы орта білім беретін мектептерінің биылғы жылғы бітіруші түлектері қатыса алады.

«МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» атты ҚАШЫҚТАН ӨТКІЗІЛЕТІН  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

ОЛИМПИАДАНЫҢ ӨТКІЗІЛУІ 29 сәуір, 2022 жыл

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты– Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолындағы үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру мақсатында педагог мамандығына талантты түлектерді тарту.

Педагогикалық олимпиаданың міндеттері:

жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды түлектерін анықтау;

педагогикалық мамандыққа жалпы орта білім беретін мектептердің талантты түлектерін тарту;

педагогикалық  мамандықты таңдауда мотивация беру, мектеп бітіруші түлектердің  сындарлы ойлау және креативті  қабілетін дамыту;

педагогикалық кадрларды дайындау сапасын арттыру мақсатында МЕКТЕП-ЖОО ынтымақтастығы негізінде мектеп түлектері арасынан өздеріне ізбасарларды дайындау.

ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ

Олимпиаданы өткізу тілі: қазақ және орыс тілдері

Олимпиаданың іріктеу кезеңі онлайн форматта өтеді

ТУР АТАУЫ

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

ТАЛАПТАР

«ЭРУДИТ»

білімділер сайысы ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТУР

26.04.22ж.

тест Googleformsжүйесі арқылы өткізіледі

 

Жоғары балл –50 балл:

Тест әр пән бойынша 10 тест тапсырмасынан құралған 50 сұрақтан тұрады:

1.Математика.

2.Қазақстан тарихы.

3.Қазақ тілі / Орыс тілі/.

4.Физика.

5.Биология.

 

«ЭРУДИТ» білімділер сайысы  интеллектуалдық тур.

Бұл турда мектеп бітіруші түлектердің  теориялық білімдері сыналады.

Қатысушылар таңдаған бейіндік  пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап береді. (Тест мектеп бағдарламасының екі бағыты бойынша  таңдаған пәндерінен сұрақтарды қамтиды: гуманитарлық және жаратылыстану циклдері).

Әр дұрыс  жауапқа 1 балл беріледі.

30 балл және одан да көп балл жинаған  қатысушы келесі турға жіберіледі.

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА –ЖАҢА МЕКТЕП» ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ МОДЕЛІ. «МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ МЕКТЕП» ҒЫЛЫМИ ЖОБА

 

Жоғары  балл –10 балл:

1) мазмұнға  сәйкестігі, өзектілігі, идея ерекшелігі – 2балл;

2) сөйлеу мәдениеті, баяндау сауаттылығы, әртістік шеберлік – 4 балл;

3) мазмұндылығы – 3 балл.

«МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ МЕКТЕП» тақырыбында ғылыми жоба дайындау.

Көлемі: 10 бетке дейін.

Шрифт– Тimes New Roman,  кегль – 14, Жол аралық–1.

Ғылыми жоба материалдарын  келесі электронды почтаға жіберу қажет: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Ғылыми жобалар антиплагиаттан өткізіледі. Түпнұсқалығы 70%-дан жоғары жұмыстар келесі турға жіберіледі.

«Егер мен ПЕДАГОГ болсам ...» инновациялық авторлық жоба

Жоғары балл –10балл:

1) сыни ойлау, креативтілігі – 3 балл;

2) инновациялық мазмұндылығы – 4 балл;

3) жобаның практикалық мәнділігі – 3 балл.

 

«Егер мен ПЕДАГОГ болсам ... » инновациялық авторлық  жобаны (идеяны) еркін форматта ұсыну.

Қатысушыға еркін инновациялық педагогикалық жоба (эссе, постер, ғылыми жоба, педагогикалық ертегі, авторлық бейнеролик және т.б.) ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Қорғау уақыты: 3-5 мин.

ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫН  ШЫҒАРУ

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

Олимпиада жеңімпаздары 1,2,3 дәрежелі дипломдармен  марапатталады.

Олимпиадаға қатысу үшін  өтініш пен  жұмысты 2022 жылдың 25 сәуіріне дейін келесі  электронды почта арқылы жіберу қажет:

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

(А қосымшасын қараңыз).

Педагогикалық олимпиадаға қатысушының өтініші А қосымшасы

Білім беретін мекеменің толық атауы

 

Қатысушының толық аты-жөні, байланыс телефоны, электронды почтасы

 

 

Жетекшісінің аты-жөні, байланыс телефоны

 

Байланыс телефондары:

БУЗАУБАКОВА

Клара Джайдарбековна

8 705 720 18 56

Бупетаева Сауле Жакиповна

8 775 404 84 50

Аубакирова Салтанат Аубакировна

8 705 618 88 49

Мекен-жайымыз:

Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы

Жамбыл даңғылы 16а

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

 «Педагогика» кафедрасы

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТҚАНЫҢЫЗ ҮШІН  ҮЛКЕН РАХМЕТ!

ӨЗІҢІЗДІ АСЫҒА КҮТЕМІЗ, ЖАС ТҮЛЕК!

Прочитано 1262 раз
Top