Құрметті, мемлекеттік грантта оқитын 1/2 курс студенттері!
Erasmus+ бағдарламасы аясында шетелде білім алуға ниет білдіретін студенттердің құжаттарын қабылдау қысқа мерзімге тағы ашылғанын хабарлаймыз! Құжат қабылдау мерзімі: 2022 жылдың, 12 - 29 сәуірге аралығы.
Талаптар: үміткерлердің күндізгі бөлімнің 1/2 курс студенттері болуы;
Міндетті түрде мемлекеттік грант иегерлері болуы;
Ағылшын тілін меңгерген болуы.
Құжаттар:
Шетелдік паспорт көшірмесі;
Транскрипт (GPA 3.30-дан кем емес);
Декан атынан ұсыныс хат;
Ағылшын тілін меңгеру туралы сертификат көшірмесі (бар болған жағдайда);
Көпбалалы отбасынан екендігін растайтын құжат көшірмесі (бар болған жағдайда);
Ата-анасының жоқтығын растайтын құжат көшірмесі (бар болған жағдайда);
Студенттің мүгедектігін растайтын құжат көшірмесі (бар болған жағдайда).