ӘКІМШІЛІК ДЕПАРТАМЕНТІ

АМАНТАЕВ РУСЛАН ОРАЗБАЙҰЛЫ

Әкімшілік департаментінің директоры

Байланыс телефоны: 8 (7262) 51-02-15

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Ы. Сүлейменов көшесі, 7, 1.1-302

Қызмет бағыты

Әкімшілік департаменті М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 25.11.2021ж. Директорлар кеңесінің шешімімен құрылған университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады. Департаменттің басты мақсаты ұйымдастыру және басқару циклін қадағалау, университеттің басқару органдарының шешімдерін уақытында жүзеге асыру, университеттің дамуына үлес қосу.

Әкімшілік департаментінің негізгі міндеттері:

- университеттің басқару органдарының қойған талаптары мен тапсырмаларын іске асыруда университеттің құрылымдық бөлімдері басшыларының және олардың бөлімдерінің қызметін үйлестіру;

- осы Ережеге сәйкес департаментке ведомстволық қарасты бөлімдердің қызметіне басшылық ету және бақылау;

- қоғамның Жарғысына, университеттің ішкі еңбек тәртібіне, тиісті ережелерге сәйкес университеттің барлық құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

- университетті дамыту мақсатында университеттің барлық ресурстары мен резервтерін тиімді пайдалану мүмкіндіктерін іздеу;

- университет қызметі барысында туындайтын тәжірибелік және ғылыми маңызы бар құжаттарды сақтау және есепке алу үрдісін бақылау; 

- құжаттарды есепке алу және сақтау бойынша жұмыстардың уақтылы орындалуын және басқару үрдісінің тиімді жүйесінің ұйымдастырылуын бақылау;

- Дулати университетінің ПОҚ-ның оқу процесін және ғылыми өсуін қамтамасыз ету мақсатында жаңа оқу, әдістемелік, ғылыми және арнайы әдебиеттерді дайындауды және басып шығаруды үйлестіру жұмыстарын қадағалау;

- Дулати университетінің факультеттерін, институттарын және ғылыми кітапханасын оқу, әдістемелік, ғылыми және арнайы әдебиеттермен қамтамасыз ету бойынша «Dulaty university» баспасының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.

- аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне университеттің ғылыми, қоғамдық және мәдени қызметі туралы ақпараттық материалдар дайындау мен ұсынуды бақылау;

- интернет кеңістікте университеттің имиджін ілгерілету бойынша жұмысты бақылау;

- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен үнемі өзара қарым-қатынас және байланыстарды қолдауды жүзеге асыру;

- университеттің жарнамалық-имидждік өнімдерін әзірлеу және ілгерілету, жетістіктерін видео өнім арқылы насихаттауды қадағалау;

- «Университет тынысы» газетінің сапалы дайындалуы мен баспадан уақытылы басылып шығаралуын қадағалау;

Әкімшілік департаментінің құрамына келесі бөлімдер кіреді:
  • Ақпарат және медиакоммуникация орталығы
  • Ведомстволық мұрағат
  • «Dulaty University» баспасы
  • «Өзгерістер орталығы» жобалық офисі
  • «Университет тынысы» газетінің редакциясы
  • Білімгерлер телестудиясы
Өзгерістер орталығы» жобалық офисі
Шымбекова Нағима Есенгелдіқызы

«Өзгерістер орталығы» жобалық офисінің маманы

Байланыс телефоны: 8 (7262) 51-02-15

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Сүлейменов көшесі, 7, 1.1-302

Копбосынова Диана Еркешқызы

«Өзгерістер орталығы» жобалық офисінің маманы

Байланыс телефоны: 8 (7262) 51-02-15

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Сүлейменов көшесі, 7, 1.1-302


«Өзгерістер орталығы» жобалық офисі  - «Өзгерістер орталығы» жобалық офисі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  25-қараша 2021ж. Директорлар кеңесінің шешімімен құрылған университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады. Әкімшілік департаментке қарайды. «Өзгерістер орталығы» жобалық офистің жұмыстарын ұйымдастыру үшін ҚР БжҒМ нормативтік-құқықтық, нұсқаулық және жұмыстар саласы бойынша Ғылыми кеңестің, Басқарманың және Университет Жарғысының ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.

«Өзгерістер орталығы» жобалық офисінің негізгі мақсаты - «Өзгерістер орталығы» жобалық офисінің мақсаты - білім алушыларға сапалы білім алу мүмкіндігін беруде университет қызметінің сапасын жақсартуды үйлестіру, білім беру жүйесіне уақыт талабына сай өзгерістер енгізуге ықпал ету, өзгерістерді басқарудың жобалық моделін құру болып табылады.

«Өзгерістер орталығы» жобалық офисінің негізгі міндеттері:

- ПОҚ мен қызметкерлердің, білім алушылардың жаңа бастамаларына қолдау көрсету;

- университеттің ПОҚ қызметкерлері жұмысының сапасына, орындаушылық тәртібіне зерделеу жұмыстарын жүргізу;

- университет басшылығына зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша анықтамалар, есептер дайындау;

 - университеттегі әр түрлі бағыттағы іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруға атсалысу және қадағалау;

- университеттің дамуы бойынша әзірленген әртүрлі бағыттағы жобалардың тұсау кесу рәсімін өткізуді ұйымдастыруға қатысу;

- «Quant workspace» электрондық құжат жүйесін және басқа да қолданыстағы бағдарламаларды университет қызметіне енгізу жұмыстарын үйлестіру;

- университеттің дамуын арттыру мақсатында университеттің барлық ресурстары мен резервтерін тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыру; 

- жұмыс уақытын және еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың тетіктерін қарастыру;

- білім саласына қатысты жаңа инновациялық жобаларды зерделеу, талдау, оларды университет қызметіне енгізу.

Top