Докторанттың тағылымдамадан өтуі

«8В07211-Былғары бұйымдарының индустриясы» білім бағдарламасының докторанты Байдильдаева Асель 24 қаңтар мен 25 ақпан аралығында Эге университетінде, Измир, Түркия тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында лабораториялық зерттеу жұмыстары Эге университеті (Ege University) мен Докуз Ейлюл университеттерінің (Dokuz Eylul University) лабораториялары базасында атқарылды. Диссертация тақырыбына сәйкес шетелдік ғылыми кеңесші PhD доктор, қауымдастырылған профессор Хусейн Ата Каравана басқаруымен лабораторияларда негізгі зерттеулер жүргізілді. Тағылымдама барысында мақсаттар мен негізгі міндеттер орындалды. Тағылымдамадан өту нәтижесінде «Былғары инженериясы» кафедрасының меңгерушісі қатысу сертификатын табыстады.

2

Прочитано 712 раз
Top