ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІНЕ ЖОЛ АШЫҚ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ДЕ, «ENACTUS KAZAHSTAN» ҚОРЫ ДА СТУДЕНТТЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ

Жастарға жан-жақты қолдау көрсетуде М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетінің тәжірибесі – басқа оқу орындарына үлгі. Университет басшылығының ғылымға жол ашатын, батыл зерттеулер жасауға, түрлі инттелектуалдық дамуға бастайтын қадамдарды жасауда батылдық танытып келе жатқанына студенттер куә. Оқу орнының жас кәсіпкерлеріне арналған «DULATY STARTUP FEST» әлеуметтік маңызы бар бизнес бастамалар байқауы – соның бір дәлелі.

Дулати университетінің бас ғимаратында өткен байқаудың финалдық кезеңіне «Enactus Kazahstan» қорының президенті, филология ғылымдарының докторы Альбина Ержанова арнайы келді. Осының өзі – бұл бағытта да оқу орнының іс-тәжірибесі айтарлықтай екендігін көрсетеді.

2

Әлеуметтік маңызы бар бизнес бастамалар жасауда студенттер арасында бәсеке жоғары. Мәселен биыл конкурстың іріктеу кезеңіне 50 жоба ұсынылған. Жалпы жастар кәсіп бастауға деген ынталы. Тағы бір атап өтетіні, бұл жай екінің бірі ашып жатқан аса кең таралған қызмет көрсету саласы емес. Жұртқа пайдалы, ұзақ уақыт зерттеуді талап ететін, тиімділігі әбден сараланған бастамалар. Байқаудың финалдық кезеңінің ашылу салтанатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма мүшесі – зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет осыны атап айтты.

– Жастардың start-up бастамаларын қолдау – еліміздің өркендеуі мен студенттерді кәсіпкерлікке баулудың негізгі жолы болып отыр. Жалпы мені зерттеулерге әкелген Enactus екенін айта кеткім келеді. Дулати университетінің Enactus жобалары бойынша өткізілетін байқауларда жиған тәжірибесі 20 жылға жуық. Соның ішінде біздің жастар 15 жылда екі рет ұлттық чемпионаттың жеңімпазы, бір рет күміс жүлдегері атанды. Оқу орындары арасында оңтүстік аймақ бойынша «Enactus Kazahstan» қорының өкілдігі ретінде таңдаудың М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне түсуінің өзі кездейсоқтық емес. Бұл бізге артылған зор сенім мен үлкен жауапкершілік, - деді Данияр Ысқақұлы.

4

Негізі Enactus - дүниежүзінің бірқатар елінің студенттерін біріктіріп отырған ауқымды ұйым. Студенттерді кәсіпкерлікке баулу, олардың көшбасшылық қасиетін дамытып, командамен жұмыс жасауға үйретуді мақсат тұтқан жоба өз көздегеніне жетіп отыр деуге болады. Дулати университетінде өткен «DULATY STARTUP FEST» әлеуметтік маңызы бар бизнес бастамалар байқауының финалдық кезеңінде бақ сынаған 5 команданың жұмысы соны көрсетті.

Байқау қорытындысында Healty food жобасы жеңімпаз деп танылды. OFFсяша жобасы – 2, QERUEN жобасы 3-орынға лайықты деп бағаланды.

Байқаудың жеңімпаздары анықталып, талапшыл жастардың мәртебесі асқан күні оңтүстік аймақ бойынша «Enactus Kazahstan» қорының өкілдігі – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде қордың арнайы орталығы ашылғанын да айта кету керек.

3

5

8

7

6

Прочитано 859 раз
Top