ҚАСТЕРЛІ ОТАНЫМЫЗДЫҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН!

Дарибаев Юлдашбай Абуевич

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жолы бұрынғы дәстүрді өзгертіп, елдің негізгі бағыт-бағдарын Наурыз мейрамы алдында жариялауға шешім қабылдады.

Тоқаев қаңтар оқиғалары бойынша тергеудің алдын ала қорытындысын айтып өтті. Ол өз сөзінде «Береке бірлігімізді сақтамасақ жеткен жетістігіміздің барлығынан айырылып қалуымыз мүмкін!» - деді. Қаңтардағы дүрбелең кездегі оқиғалар қоғамды дүр сілкіндірді «Елдің тыныштығын бұзатын лаңкестерге жол бермеуіміз қажет», «Қаңтар оқиғасы мемлекетіміз үшін сын сағат болды, мен ел үшін шұғыл шешім жасадым» - деп айтып өтті.

Түрлі салада ауқымды өзгерістер басталады дей келе 10 реформалық мәселелерге тоқталды. Айтып өтсек Жаңа президенттік модел қалыптастыру, өкімді билік тармағын қайта құру, сайлау жүйесін жетілдіру, партия системасын дамыту, сайлау үрдісін жаңарту, әділетті ашық сайлау үрдісін енгізу, құқық қорғау институттарын күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестік қабілетін арттыру, еліміздің әкімшілік аумақтық жүйесін құру, жергілікті өзін-өзі басқару және конституцияға өзгерістер енгізу мәселелерін тоқталып өтті.

Сондай-ақ қала атауларына енгізілетін өзгерістерді айтып өтті. «Бабалар аманатына адал болып оны ұрпаққа табыстау менің міндеттім» - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Ендеше Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік құрметті жастар! Қастерлі Отанымыздың тұғыры биік болсын!

Юлдашбай Дарибаев
Дулати университеті,
PhD доктор


ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

Дарибаев Юлдашбай Абуевич

Мемлекет басшысы: «Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым»,- деді.

Расында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы жолдауы тарихи маңызы да, мемлекеттілігіміз үшін мәні де ерекше зор.

Президенттің мемлекеттік билікке берген тапсырмаларының іс жүзінде шынайы орындалуы еліміздің жандануына, орын алған олқылықтарды еңсеруге, жаңаша дамуға жол ашары сөзсіз.

Гауһар Баймырзаева
Дулати университеті,
Ақпараттық технологиялар факультеті
деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


УӘДЕ ОРЫНДАЛМАСА, МАНДАТЫМЕН ҚОШТАСАДЫ

Дарибаев Юлдашбай Абуевич

Бүгінде Парламент депутаттары туралы жұрттың пікірі екіге жарылып тұрғаны жасырын емес. Сол себепті де Парламент пәрменін күшейту мәселесі  өте өзекті деп ойлаймын. Қалай айтсақ та, қос палаталы заң шығарушы органның қос тараптың алдындағы ықпалы болуы тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында депутаттарды сайлау жүйесінде де өзгерістер болатынын жеткізді. Осыдан кейін депутаттар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, серпінді жұмыс жүргізері анық.

Мемлекет басшысы алдымен, партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілетінін атап өтті. Енді саяси ұйымдарды тіркеу шегі төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендейді. Ал өңірлік өкілдіктердің ең аз саны үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азаймақшы. Осылайша 1000-нан 700 адамға дейін, партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге қысқаратын болады.

Президент сайлауалды науқанында халыққа уәде беріп, сөзінде тұрмайтын депутаттарды сынға алды. Ендігі кезекте мұндай «шығарыпсалма» сөз бен құрғақ уәдеге жол жоқ екенін ескертті.

– Сайлауалды науқанында уәде беріп, тиісті жұмысын атқармай, берген уәдесін орындамаған депутаттар қайтарылатын болады, - деді Президент.

Мұхамеджан Сексенбай,

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің

«Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының доценті.


ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ОБЛЫСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Дарибаев Юлдашбай Абуевич

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – елдегі жаңа саяси жүйенің бастауы. Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғанЖолдаудың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» аталауының үлкен мәні бар.

Елде ұзақ жылдан бері қалыптасқан қағида мен ұстанымдарды түбегейлі өзгертетін шешімдерді ұсыну арқылы Мемлекет басшысы ел мүддесін бәрінен жоғары қоятынын, жұрттың көкейінде нендей мәселелер жүргенін білетінін, бәрінен хабардар екенін анық аңғартты.Халықтың әлеуметтік ахуалының жақсаруы – елдегі бірлік пен ауызбіршілікке байланысты екенін атап өтті.

Жалпы Қаңтар оқиғасы бәрімізге сабақ болды. Сын сәттерден біз тек өз күшімізбен ғана шыға алдық. Қиындықтармен бетпе-бет келгенде сырттан келіп ешкім жоғымызды түгендеп бермейтініне көз жеткіздік.

Бүгінгі Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың мемлекетті басқару ісіне белсенді қатысуына қажетті жағдай жасайтынынжеткізді. Президенттің ұсынған бастамалары орынды, бағыт-бағдары дұрыс. Ендігі кезекте соны жүзеге асыру, Жаңа Қазақстанды құру жолында әрбіріміз тамшыдай болса да өз үлесімізді қосумыз керек.Бұл біздің азаматтық парызымыз.

Жолдау жеткізген жаңалықтардың бірі елімізде бірнеше облыстың жаңадан құрылатындығы болды.Бұл өз кезегінде өңірлерді дамытуға септігін тигізетіні анық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз», дегені тарихқа деген құрмет.

Жаңа Қазақстан жаңа облыстармен толықты. Саяси-экономикалық жүйеде ашықтық сақталып, ел тілегі ескеріледі деген үміттемін.

Жазира ТЕҢІЗБАЕВА,

М.Х.Дулатиатындағы Тараз өңірлік университетінің,

Экономика кафедрасының аға оқытушысы.


ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

Дарибаев Юлдашбай Абуевич

Мемлекеттің саяси жүйесіндегі өзгерістерге ел-жұрттың бей-жай қарамайтыны түсінікті. Жасыратыны жоқ, Президент Жолдауынан кейінелдегі саяси-экономикалық жүйеде түбегейлі өзгерістер болады деп күттік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру арқылы елді дамытудың парадигмасын өзгертуді көздейтінін айтқаны – көпшіліктің күткені көп ұзамай іске асатынын көрсетті.

–Бабаларымыз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаған. Келелі жиында айтылған кесімді сөзге алты Алаштың баласы түгел тоқтаған. Біз бірліктің бастауы болған осы дала демократиясының дәстүрін жаңғыртуымыз керек», - деген Президент сөзі елдік мәселені қабылдауда үлкен жауапкершілік екенін ұқтырды.

Мемлекет басшысысаяси трансформацияда адалдық пен әділдікті қалыптастыратынын баса айтты. Заң халыққа да, билікке де ортақ екенін атап өтті. Ал мемлекет мүддесін ұмытып адал жолдан айнағандар заңмен жазаланатынын жеткізді.

Әділ қоғам құру жолында бағыт алған жолдан таймау аса маңызды. Ал бұл қадам өмірдің барлық салаларындағы жүйелі қайта құруларды жеделдетуді талап ететіні түсінікті.

Гүлнар Зияева,

Дулати университеті
«Қолданбалы биология»
кафедрасының меңгерушісі

Прочитано 1115 раз
Top