ЗАҢ ҮСТЕМДІК ҚҰРСА, ӘДІЛЕТСІЗДІК ТЕ ЖОЙЫЛАДЫ

СПАНДИЯРОВ ЕРМАН СПАНДИЯРОВИЧКешегі Қаңтар оқиғасы ғана емес, бұған дейін де әртүрлі салада әділетсіздіктер орын алып келген. Сипаты әр басқа болғанымен, бәрінің түпкі себебі бір болатын. Ол – азаматтардың құқығын қорғайтын заңның солқылдақтығы немесе сол саладағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық. Сондықтан, жұрт Мемлекет басшысы атап өткендей, заң үстемдік құратын кезеңді күтеді.

Жалпы, қоғамдағы алаңдатқан мәселелер қандай сапада, қалай шешіліп жатқаны жария болмағаны – халықтың ашу-ызасын туғызады. Қоғам осы сұрақтарға толық жауап алуы керек. Кейбір кезде мемлекеттік органдар өз қызметін, қабылдаған шешімдерін, кейбір әрекеттерін түсіндіруге тырыспайды. Наразылықтың туындайтыны осындайдан. Сондықтан мемлекеттік аппараташық болуы керек. Қоғам мен билік қатар бір-бірімен тығыз байланыста болғаны жөн. Арақатынас алшақтаса, сенім де азаяды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында қоғамдағы ең маңызды мәселе – заң үстемдігін қамтамасыз ету екенін баса айтты. Біздің қоғамда заңды мойындағысы келмейтін азаматтар бар екені рас. Бұл туралы Мемлекет басшысы: «Басқаша айтсақ, құқықтық нигилизм белең алуда. Ағаларымыз «Тәртіпсіз ел болмайды» депбаяғыдаайтқанболатын. Меніңұстанымым: қоғамдазаң мен тәртіпболсағана, ел ішіндеүйлесім, бейбітөмірболады», - деп атап өтті.

Заң –өркениетті қоғамның басты өлшеміне айналуы тиіс. Сонда ғана әділдік орнайды. Президенттің заң үстемдік құрғанда ғана әділетті қоғам қалыптасатынын бекер еске салған жоқ.

Ерман Спандияров
Дулати университетінің
профессоры


САЯСИ РЕФОРМАЛАР КЕЗЕҢІ

Шолак Абдугали АбильдаевичТоқыраулардан кейін міндетті түрде жаңа даму кезеңі басталатынын тарихтан білеміз. Тәуелсіз Қазақстанды да үлкен бетбұрыстар күтіп тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда сөйлеген сөзінде осы күзде жаңа саяси реформаларды жариялайтынын мәлім еткен болатын. Алайда Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында Мемлекет басшысы бұл жаңару жүйесін Наурыз айында халыққа Жолдауында ұсынатынын айтты.

Жаңа Қазақстанның негізгі бағдары болатын жаңа жүйенің Наурыз айында жариялайтыны үлкен үміт сыйлайды. Себебі, халқымыз үшін бұл ай – жаңа жылдың бастауы. Үлкен жақсылық күтеді. Ертеңнен үміт күтеді. Сондықтан, елді жаңа белестерге бастайтын өзгерістер жүйесінің тура осы айда жария етілетінін көпшілік жақсылыққа балап отыр.

–Мен бастапқыда жаңа саяси реформаларды күзде жариялаймын деп ойлағам, бірақ саяси реформаларды наурыздың ортасында халыққа Жолдауымда ұсынатын болдым. Қазіргі таңда жұрт реформаларды зор үмітпен күтіп отырғанын білемін. Сондықтан, «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» деп үндеу жолдадым. Онда айтылған мәселелерді көпшілік қолдап отыр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, кез келген қиындықтың артында үлкен мүмкіндіктер тұрады. Сондықтан, біз әрқайсымыз Отанымызды өркендетуге ұмтылуымыз керек.

Жобасы мен бағдары айқын жүйені енгізу үшін ұзақ уақыт күтудің қажеті жоқ. Өзгерістер батыл қадамнан басталуы тиіс. Ендеше, Президенттің жаңа саяси реформалары үлкен серпіліс әкеледі деп күтейік. Елдің болашағы жарқын болатынына сенейік!

Әбдіғали Шолақ
Дулати университетінің
профессоры

Прочитано 1549 раз
Top