ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ДУЛАТИ ЖАСТАРЫМЕН ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Мәжіліс депутаттары  Ильяс Буларов, Гүлдара Нұрымова, Нәзилә Раззақ  түрлі саладағы  үздік  жастармен және оқытушылар құрамымен кездесті.

Жиында қоғамдағы өзекті мәселелер сөз болып, халық қалаулылары жастардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты Болатбек Уәлихан жастарға қатысты  бірнеше мәселе көтеріп, халық қалаулыларының назарға алуын сұрады.

Өз кезегінде депутттар айтылған  барлық пікірлер мен ұсыныстар тиісті органдарға жолданатынын, мүмкіндігі келсе шешуге тырысатынын жеткізді.

Оқу ордасына  арнайы келген қонақтар университет нысандарын  аралап, ондағы жұмыс барысымен де танысты.

2

3

5

4

Прочитано 756 раз
Top