ДУЛАТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫ

Құрметті әріптестер!

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Карабюк университеті (Түркия), Брагансы политехникалық институты (Португалия), Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы (Қазақстан), Білім Сарапшыларының Қазақ Лигасымен бірлесе 2022 жылдың 1 сәуірінде «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕР» атты Дулати Халықаралық педагогикалық оқуларын өткізеді.

Дулати Халықаралық педагогикалық оқуларының мақсаты – «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау; білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың заманауи тенденцияларын айқындау; қашықтықтан оқыту жағдайындағы заманауи трендерді қарастыру; педагогтердің шығармашылық әлеуетін жетілдіру; ХХІ ғасырдың сын-қатерлі контексіндегі білім сапасын арттыратын заманауи педагогикалық технологиялардың мәнін ашу; педагог кадрларды дайындаудағы әлемдегі үздік ЖОО инновациялық іс-тәжірибесін зерделеу.

Дулати Халықаралық педагогикалық оқулардың жұмыс жасау бағыттары:

  • Педагогикалық білім беру: заманауи трендтер және жаңа мүмкіндіктер.
  • Педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи тенденциялары: ұлттық құндылықтар, әлемдік тәжірибе, инновациялар.
  • «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жоба аясында үздіксіз білім берудің басым бағыттары: инновациялық парадигма, технология және әдістеме.
  • М.Х.Дулатидің педагогикалық мұрасы.

Дулати Халықаралық педагогикалық оқулары аясында «Инновациялық педагогикалық өнім-2022» байқауы өткізіледі:

1. «Педагогикалық инновациялық өнім»:

1.1 «Үздік инновациялық сабақ (тәрбиелік іс-шара)».

1.2 «Үздік инновациялық әдістеме».

1.3 «Үздік инновациялық технология».

1.4 «Үздік инновациялық жоба».

2. «Үздік оқу-әдістемелік кешен» /«Үздік электронды оқу контенті».

3. «Үздік оқулық»: «Үздік оқу құралы» / «Үздік оқу-әдістемелік құрал».

4. «Үздік мультимедиалық өнім»: «Үздік электронды оқулық».

5. «Үздік шебер-сынып».

Байқаудың мақсаты – креативті педагогтердің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау; педагогтердің креативті әлеуетін жетілдіру.

Байқаудың міндеттері:

  • заманауи оқу-әдістемелік кешеннің сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту;
  • инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне тиімді ендірудегі озық тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау;
  • креативті педагогтердің жаңашыл бастамаларын қолдау, ғылыми әлеуетін арттыру;
  • жаңашыл педагогтердің ғылыми- әдістемелік белсенділігін ынталандыру;
  • өзара инновациялық тәжірибемен алмасу.

Байқауға қойылатын талаптар:

  • байқауға ұсынылатын инновациялық өнімдер 2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың наурызына дейінгі аралықта дайындалған болуы керек;
  • басқа байқауға ұсынылған өнімдер қабылданбайды;
  • қорғауға 5- минуттық презентация дайындау қажет;
  • ұсынылатын жұмыстар мазмұны байқаудың мақсатына сәйкес келуі қажет:
  • жаңашылдық, ғылымилық, шығармашылдық бағыттылығы және тәжірибеде қолданыс табуы.

Дулати Халықаралық педагогикалық оқулар аясында отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық курстары, жаңашыл педагогтердің шеберлік сыныптары, психологиялық-педагогикалық тренингтерді онлайн, офлайн форматта ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Дулати Халықаралық педагогикалық оқулары төмендегідей форматта ұйымдастырылады:

  • пленарлық мәжіліс - баяндамалар, педагогикалық оқудың резолюциясын қабылдау;
  • байқаудың қорытындысын жариялау, жеңімпаздарды марапаттау;
  • отандық және шетелдік танымал ғалымдардың авторлық курстары және шебер-сыныптары;
  • психологиялық-педагогикалық тренингтер, жаңашыл педагогтердің шебер-сыныптары;
  • онлайн-режимдегі шебер-сыныптар;
  • секциялық мәжілістер;
  • инновациялық өнімдердің презентациясы.

Дулати Халықаралық педагогикалық оқуға қатысуға арнайы шақырылады:

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев Университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО басшылары, тренер-әдіскерлері;
  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдары және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филиалдарының директорлары, тренер-әдіскерлері;
  • «Педагогикалық ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, ғалым-педагогтері, болашақ педагогтері, магистранттары мен докторанттары;
  • Жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жаңашыл мұғалімдері.

Дулати Халықаралық педагогикалық оқуларының жұмыс тілдері қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру комитеті Педагогикалық оқулар материалының жинағын шығаруды көздеп отыр. Педагогикалық оқуларға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына баяндама (мақала) және жаңашыл педагогтардың Дулати Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысушының тіркеу формасын электронды нұсқасын өткізу қажет. Мақалалар 1 дана және электронды түрде қабылданады.

Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: «Дулати университеті Дулати Халықаралық педагогикалық оқуларына ______ - дан (баяндамашы фамилиясы)» көрсетілсін.

Мақала мәтіні және тіркеу формасы бір файлмен көрсетілсін, файл аты автор фамилиясымен, егер бірнеше автор болса, тіркеу жарнасын төлеген автор фамилиясымен аталады. Мысалы, қатысушы С.Ж.Бисенова файл атын келесідей ұсынуына болады: Бисенова.doc немесе Бисенова.rtf.

Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды.

Баяндама мен байқауға ұсынылатын материалдар 2022 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

ІІІ Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысушыларға арнайы сертификатпен және 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

ІІІ Халықаралық педагогикалық оқуларына қатысушыларға табыс етіледі:

- педагогикалық оқудың бағдарламасы;

- педагогикалық оқуға қатысқаны үшін сертификат;

- отандық және шетелдік танымал ғалымдардың авторлық курстарына қатысқандары үшін халықаралық дәрежедегі АРНАЙЫ СЕРТИФИКАТ;

- ІІІ Халықаралық педагогикалық оқуларының жинағы;

- байқау жеңімпаздарына АРНАЙЫ ДИПЛОМ.

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Мақаланы орналастыру реттілігі:

  1. ӘОЖ индексі бірінші беттің жоғары сол жағына қойылады.
  2. Мақаланың атауы.
  3. Авторлар туралы мәлімет (екі автордан артық емес): Автордың аты-жөні, әкесінің аты ( ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі көрсетіледі), мекеменің атауы және орналасқан жері (егер мекеменің атауынан бөлек болса), авторлардың біреуінің e-mail. Аннотация: (100 сөзден артық емес: мақсаты, міндеті, зерттеу нәтижелері және қысқаша тұжырымдары).
  4. Кілтті сөздер (5-10 сөз).
  5. Мақала мәтіні төменде көрсетілген талаптарды қанағаттандыру керек.
  6. Библиография (пайдаланған әдебиеттер тізімі).
  7. Егер мақала шетел тілінде ұсынылған болса, онда қазақ тілінде және ағылшын тілінде берілуі тиіс: мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, әкесінің аты, аннотация, кілтті сөздер (мақаланың соңында) .

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Мақаланың мәтіні және тіркеу формасы WORD мәтіндік редакторында терілуі тиіс, «Times New Roman» қаріпі, тақырып қаріпі және негізгі мәтін шрифт өлшемі (кегль) - 14, жоларалық интервал - бір, тасымалдаусыз, жоғарғы өріс - 20 мм, сол жақ - 20 мм, оң жақ - 20 мм және төменгі өріс- 20 мм. Мақаланың тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТ).
  2. Матариал көлемі 4 беттен кем болмауы тиіс және 6 беттен аспауы керек (суреттеді қосқанда), А4 форматтағы көрсетілген мақала көлеміне мақала мәтіні, әдебиеттер тізімі, кестелер және суреттер кіреді.
  3. Мақала беттері нөмірленуі тиіс.
  4. Мақалада формула (сурет, кестелер) номерленеді.
  5. Мақалада әдебиеттер көздеріне сілтеме жасалынуы тиіс. Әдебиет көздерінің тізбесі ГОСТ Р 7.0.5-2008 сәйкес жасалынады. Мәтінде әдебиет көздеріне сілтемелер квадрат жақшада беріледі. Әдебиеттер тізімі мәтінде қолдану ретімен көрсетіледі. Электронды тасымалдағыштарға да сілтеме жасауға болады.
  6. Мәтіндегі сурет, кестелер сапалы жасалуы тиіс. Жинақта барлық суреттер ақ-қара түсте беріледі.
  7. Негізгі мақаладан кейін мақала авторы (-лары) туралы қысқаша мәлімет 15 жолға дейін). Берілетін мәліметте автордың ғылыми-зерттеу аймағы, жұмыс орны, қызметі, байланыс ақпараты (телефон, электронды почта) көрсетілуі тиіс.
  8. Материалды дайындауда осы талаптарды сақтамаған жағдайда материалды баспаға жіберу мерзімі ұлғаяды немесе мақаланы баспаға қабылдамауға негіз болады.
  9. Барлық жұмыстар антиплагиатпен 1 наурыздан 10 наурызға дейін тексеріледі, қажетті деңгей – авторлық мәтіннің 70% кем емес. Тексеруден өтпеген жұмыстар жариялауға жіберілмейді.
  10. Ұйымдастыру комитеті аитиплагиатқа тексеру, мақаланы іріктеу, редакциялау жұмыстарын өзіне қалдырады.
  11. Мақала, байқау жұмыстарын келесі электронды почтаға 2022 жылдың 1 наурызына дейін жіберу керек: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  12. Электронды нұсқадағы файл атауы төмендегідей рәсімделеді: «Бисенова_заявка.doc», «Бисенова_корешок.doc», «Бисенова_статья.doc», «Бисенова_презентация.ppt(x)», «Бисенова_ конкурс.doc».
  13. Мақалада көрсетілген ғылыми факті, дерексөз, ғалымдардың аты-жөні және басқа да мәліметтердің шынайлылығы бойынша жауапкершілік авторда (-ларда) қалдырылады.

Ұйымдастыру жарнасы – 5000 тенге, ол жұмыстар антиплагиаттан өткен жағдайда төленеді.

Сканирленген төлемақы бойынша түбіртекті Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды почтаға 2022 жылдың 15 наурызына дейін жіберу қажет.

БАЙҚАУДЫҢ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

«Үздік инновациялық сабақ», «Үздік тәрбиелік іс-шара» байқауы

- Мазмұны, жаңашылдығы;

- Инновациялық технологияларды пайдалануы;

- Жұмыстың интегративтігі (дәстүрлі, инновациялық әдістері мен формасының байланысы);

- Мультимедианы пайдалануы;

- Жұмыстың шығармашылық бағыты (көркемдік деңгейі, дизайны, безендіру сапасы);

- Әдістердің оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестілігі;

- Пәнаралық байланысы.

«Үздік инновациялық әдістеме», «Үздік инновациялық проект»,

«Үздік инновациялық технология» байқауы

- Проект/технология/әдістеме мақсаты, міндеттері;

- Мазмұндылығы;

- Бірегейлігі, идеялылығы, креативтілігі;

- Ғылымилығы, практикалық маңыздылығы;

- Жаңалылығы.

«Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені» байқауы

- ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мазмұнынына сәйкестігі;

- Пән бойынша толық оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;

- Оқу-әдістемелік құндылығы мен оның сапасының дәйектілігі;

- Жаңашылдық деңгейі;

- Жеке жұмыс жасауға арналған әртүрлі тапсырмалардың болуы;

- Пәннің бағдарламалық және мультимедиалық қамтамасыз етілуі (презентация, видеороликтер, флипчарт).

«Үздік инновациялық электронды оқу контенті» байқауы

- Сабақтың әр түрінің болуы (лекция, практикалық, семинар, тренинг);

- Курсқа арналған дидактикалық электронды материалдардың болуы;

- Қолданбалы технологиялар, интербелсенді әдістер, интернет оқу платформасындағы барлық материалдар каталогының болуы.

«Үздік оқулық», «Үздік оқу құралы», «Үздік оқу-әдістемелік құрал» байқауы

- Оқулық/Оқу құралы/ Оқу-әдістемелік құралдар материалдарының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкестігі;

- Өзектілігі, мазмұндылығы, жаңашылдығы, бірегейлігі;

- Жүйелілігі, бірізділігі, өзара байланыстылығы;

- Жеке жұмыс жасауға арналған әртүрлі тапсырмалардың болуы;

-Оқулық/Оқу құралы/ Оқу-әдістемелік құралдың көлемі, мазмұны және сапасы.

«Үздік мультимедиалық өнім», «Үздік электронды оқулық» байқауы

- Мультимедиалық өнім / Электронды оқу құралы мазмұнының пәнге (дидактикалық міндеттеріне) сәйкестігі;

- Құрылымы мен мазмұны;

- Интерактивті элементтердің (анимациялық эффекттілер) болуы;

- Дизайн сапасы, ақпараттың дыбыстық және түстік безендірілуі;

- Креативтілігі.

«Үздік шебер -сынып» байқауы

- Инновациялық идеяның болуы және оның өзектілігі;

- Инновациялық идеяны шешудің логикалық байланыстылығы,бірізділігі;

- Технологиялылығы;

- Нәтижелілігі.

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

Дулати Халықаралық педагогикалық оқуларға  қатысу үшін  2022 жылдың 1 наурызына дейін төмендегі тіркеу формасын  толтырып  почтаға жіберіңіз:

Автор туралы мәлімет

 

1

 Тегі, аты-жөні (толығымен)

 

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса)

 

3

 Жұмыс орны, мекен-жайы

 

4

Байланыс телефоны, е-mail

 

5

Мақала тақырыбы

 

6

Секция

 

7

Қажетті техникалық  құралдар

 

8

Байқауға ұсынылатын материалдар

 

9

Қатысатын байқаудың атауы

 

10

Қонақ үйдің қажеттілігі (ия/жоқ)

 

МАҚАЛАНЫ ТӨМЕНДЕГІ  МЕКЕН-ЖАЙҒА ЖІБЕРІҢІЗДЕР:

080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ., Сүлеймен көшесі, 7, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,  1.1 оқу ғимараты, 405 каб. («Дулати университеті, Дулати Халықаралық Педагогикалық оқуларға») деп көрсетілсін.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:

БУЗАУБАКОВА Клара Джайдарбековна – 8 705 720 18 56

БУПЕТАЕВА Сауле Жакиповна  – 8 775 404 84 50

ТАДЖИБАЕВА Жанна Сайдуллаевна – 8 771 231 31 21

БЕГАЛИЕВ  Асу Туранович  – 8 702 171 99 61

Жұмыс телефоны: 8(7262) 51 72 53 

ҚАРЖЫЛЫҚ РЕКВИЗИТТЕР:

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ

080012, Тараз қ., Сулейменов к., №7

БИН 200640018977

Кбе 16

КНП 861

Банк: АО Қазақстан Халық банкі

ЖОФ  Тараз қ.

ИИК KZ786010161000208691

БИК HSBKKZKX

Төлем мақсаты: Байқау/мақала «Дулати Халықаралық педагогикалық оқулары»

БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ІС-САПАРҒА ЖІБЕРЕТІН ЖАҚТАН ӨТЕЛІНЕДІ.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
«ҰСТАЗ» ИНСТИТУТЫ
«ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

Прочитано 2397 раз
Top