Айгерим КырыкбайЕЛДІГІМІЗГЕ СЫЗАТ ТҮСПЕСІН!
Бейбіт шеруді пайдалана отыра бүлікшілер мен арам пиғылды адамдардың кесірінен экономика мен әлеуметтік топтарға біраз шығындар келгені рас. Еліміздің еңсесі осындай қиын кезеңде де түспеді. Президентіміз барлығын дер уақытында қолға алып, тиісті шешімдерді қабылдады.  

Бейбіт шеруде халық тарапынан қойылған талаптар ескеріліп, халықпен санасатын биліктің бар екенін аңғартты. Мемлекет басшысы жаңа Үкіметті жасақтап, ел ойындағы біраз мәселені қозғады. Мысалға, бай мен кедей арасының ақшамен бөлінбей, біліммен бой жарыстыратын заман туу керектігі, жастарға жағдай жасалып, техникалық мамандықтар тереңдетіліп оқытылып, экономикалық тұрғыда арнайы грант бөлінетіндігі, жоғары шенділердің айлығы бес жылға дейін өспей, бюджет есебінен қаражат алатын жұмысшылар табысы өсетіндігі қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық болды.

Қорытындылай келе, қазақ жастарының әрдайым ізденіс пен білім үстінде болғанын тарихтан білеміз. Бүгінгі ұрпақ та сол ізді жалғастырып келе жатқаны қуантады. Тек осы жолда менталитет пен айналадағы пікірлердің кедергі болмағанын қадағалап, әрбір жас ұрпақ өзін өзгеге пайдасы тиер саналы ұрпақ сезінгенін қалаймыз.

Отан үшін от кешіп, бейбіт заманда өмірін құрбан еткен құқық қорғау мен әскери қызметте адал борыштарын атқарған азаматтардың, бейбіт шеруде оқыс жағдайда қаза тапқан жандардың отбасына қайғыра көңіл айтамыз!

Біздің күшіміз-бірлікте екендігін ұмытпайық!

Айгерім Қырықбай, М. Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
“Бизнес экономикасы” мамандығының 3-курс студенті


Арнат ЖолдыбайПРЕЗИДЕНТ ШЕШІМІ – НАҚТЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ
Қаралы қаңтар оқиғасы бізге көп нәрсені ұқтырды. Тыныштық – берекенің бастауы екеніндігіне тағы бір мәрте көзімізді жеткізді. Әлеуметтік теңдікті іздеген, өз үнін билікке жеткізгісі келген бейбіт халық мұны білмеді емес, білді. Сондықтан, олар шерудің бейберекетсіздікке ұласпауын тіледі. Алайда, ниеті бұзық басбұзар топ оған қараған жоқ. Тәңірден тілеп алған тәуелсіздігімізді таразы басына тартқысы келді.

Сын сағатта Прездент Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде оң шешім қабылдады. Рас, елде төтенше жағдай жарияланғанын әрқилы жорығандар да болды. Әйтсе де, елдік мүдде үшін Мемлекет басшысының төңірегіне топтасып, бірлесіп, қауіп-қатерге қарсы тұрды.

Көпшіліктің Президент  Парламент Мәжілісінің отырысында туындаған түйткілдерге қатысты түбегейлі бетбұрыс әкелетін шешімдер қабылдайды деп күткені, жасырын емес. Елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтық саласына серпін әкелер өзгерістер болады деп үміт артты. Көптің күткеніндей, бірқатар салаларға серпіліс туғызар қадамдардың нақты жолы айтылды. Жұмыссыздықтың жайы, әлеуметтік теңсіздіктерді туғызар мәселелердің бәрі назардан тыс қалған жоқ. Жұрттың талап-тілегі ескерусіз қалған жоқ. Ендігі міндет – ел тілегіне құлақ асып, батыл қадамдарға бастайтын реформаларды жасауға шешім қабылдаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсету. Президент төңірегінде топтасып, өзгерістерді бірге жасау.

Арнат Жолдыбай, М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетінің
«Жас Отан» жастар қанатының төрағасы.


Канат КАМАНАТ АРҚАЛАҒАН ҰРПАҚПЫЗ
Тегінде тарихын қасиет тұтып, тектілігін тәубе еткен елдің тәуелсіз перзентіміз. Дидарғайып дүниеде жаңа ғасыр тудырған алашшыл жүрегіміз тек әділет пен игі істер үшін соқпақ. Десе де, алмағайып кезеңде көлденең келген елдегі ахуал үлкен – кішілі жан баласын есеңгіретіп тастағаны жасырын емес. Жанға батты, екі көзден жастар да ақты...Әсілі, елдігіміз бен ерлігіміздің сыналар сәтінде күшіміздің бірлікте екендігін ұққанымыз еріксіз сүйсіндірді.

ҚР Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлының «Мен еліммен біргемін, мен осындамын!» дегені біздің көңілімізге медеу болып, рухымызды еселей түсті. Бүгінде ел басшысының Парламент Мәжілісі отырысында көтерген мәселелері мен қабылдаған шешімдері мемлекетіміздің нығая түсуіне ұйытқы болатынына бек сенімдімін. Себебі, елдегі тұрақтылық  - шаңырағымызға ортақ құндылық. Мемлекет мүддесі үшін қолға алынған бастамалар жаңа Қазақстан құрудың алғышарты екендігін іштей ұғынып, елдік намысты қуатты істермен қолдаймын!

Ел болашағына зор сеніммен қарайтын тәуелсіз ел перзенттері дәл осы жолда еңбек ететіндігіне күмәнім жоқ. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылған тұста біз бірқатар тәуекелдерге батыл қадам жасаймыз. Бастысы, уығымыз берік, шаңырағымыз биік болсын!

Қанат Кɵркемжан Бақытжанқызы
Дулати университетінің магистранты

Прочитано 1033 раз
Top