ЖАСТАРДЫҢ ЖАТ ӘРЕКЕТТЕРДЕН САҚТАНҒАНЫ ЖӨН

Елімізде болған содырлардың ессіз әрекеті баршамызды күйзелтті. Жамбыл жерінде де содырлар салған сойқаннан қаншама боздақтарымыз қыршынынан қиылып, көптеген нысандарға зақым келді. Мұның барлығын көзімізбен көріп, бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп отырмыз. Түсінгенге өте ауыр қайғы. Мемлекет басшысының жедел шешім қабылдауының арқасында іс насырға шаппай, террорларға тез арада тойтарыс берілді.  Дегенмен әлі де босаңсуға ертерек. Жер-жерде лаңкестердің жолын кесу операциясы жүргізіліп жатқандықтан коменданттық сағаттың ережесін сақтап, түнгі 23:00-ден кейін үйден шықпағанымыз жөн. Бұл ең әуелі өз қауіпсіздігіміз үшін және ел тыныштығының бұзылмауына қосқан тамшыдай үлесіміз болмақ. Әсіресе, біздің замандастарымыз, яғни жастар арандатушылардың айтағына ермей, тек нақты әрі ресми ақпаратқа ғана сенгендері абзал. Тәуелсіз еліміздің тірегі  жастар екені сөзсіз. Сондықтан да олардың жат әрекеттерге бой алдыруы ешқандай ұшпаққа шығармайды. Керісінше жас буын мемлекетіміз бен еліміздің өркендеуіне атсалысып, қажыр-қайраттарын жұмсай білсе, ұтылмасымыз анық. Еліміздің іргесі берік, шаңырағы биік болсын!   

Мақсұт Шалабек,
Дулати университетінің студенті,
Жамбыл облыстық  «Қазақстан
волонтерлар лигасының» көшбасшысы

Прочитано 773 раз
Top