ДӘЛ ОСЫ СӘТТЕ ПРЕЗИДЕНТТІ ҚОЛДАУ АСА МАҢЫЗДЫ

Күні кеше еліміздің берекесін қашырып, шаңырағын шайқағысы келген террористердің сойқаны көпшіліктің жағасын ұстатты. Дегенмен қазір жағдай тұрақталып келеді. Қазақ халқы ауыр сынды бастан кешіріп жатыр. Адам шығыны да болды. Әр азамат тәуелсіздік алдында мемлекеттің тұрақтылығы үшін де жауапкершілігін арттыра түсті деп ойлаймын. Ел басына түскен ауыр жағдай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаткерлігі, қырағылығы арқасында ғана ауыздықталды. Өте қатерлі, ауыр күндерден өттік деуге болады. Жағдай әлі етекті кеңге салатындай емес. Қатер әлі де сейілген жоқ. «Жау жоқ деме жар астында» деп халқымыз бекер айтпаған. Дәл осы жағдайда арқа сүйер Президентіміз ғана болды. Оның батыл саяси қадамдарының арқасында үлкен қатерден, апаттан, керек десеңіз соғыстан ел аман қалғандай.

Қазір халық Мемлекет басшысына арқа сүйеп отыр. Осындай қиын сәтте стратегиялық серіктестеріміздің көмекке келуі де Мемлекет басшысының әлемдік қауымдастық алдындағы зор беделін айқын көрсетті. Халық Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси қадамдарына зор сенім білдіріп, қолдап отырмыз. Біз Президентімізбен біргеміз. Өзге отандастарымыз да осыны жете түсініп, Президентті қолдауы аса маңызды.

Сейтқазиев Әдеубай Садақбайұлы,

Дулати университеті "Мелиорация және агрономия"кафедрасының профессоры,

техника ғылымдарының докторы

Прочитано 751 раз
Top