СТАНДАРТТЫ ЗАМАННЫҢ СТАНДАРТСЫЗ АДАМЫ...

Бүгін Дулати университетінде Бауыржан Момышұлының туған күніне орай білім ордамыздың Бауыржан есімді оқытушылары мен қызметкерлерін, білім алушыларының басын қосқан іс-шара өтті.

Мақсаты - батыр Бауыржан Момышұлының ісін, еңбегін насихаттау, жастар арасында батырдың ерлігін дәріптеу.

Іс-шараны Темірбай Әліұлы жүргізді. Модератор Б. Момышұлы туралы қызықты әрі мағыналы ақпараттармен бөлісе отырып, тың деректерді де тілге тиек етті.

«Бауыржантану» ҒЗО-ның ғылыми қызметкері Н. Әлімбай Б. Момышұлы туралы шыққан кітаппен таныстырса, Журналистика мамандығының 1-курс студенттері Әуесбек Анар «Қаһарман батыр» атты өз туындысын оқыды.

 

Прочитано 1093 раз
Top