ТӨРТ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облысы бойынша филиалы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Халықаралық Тараз инновациялық институты өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Меморандумның мақсаты – өзара мүдделерді білдіретін білім, ғылым, ортақ жобалар, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру саласындағы ынтымақтастықты дамыта отырып мемлекеттік қызмет ісіндегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тиісті деңгейдегі мамандарды дайындау.

 

Прочитано 857 раз
Top