“ДЕКО-ШЕБЕР” СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ

«Өнер және спорт» факультетінің «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасында “ХАЛЫҚТЫҚ, ҰЛТТЫҚ ҚОЛ ӨНЕР КӘСІБІ” тақырыбында  “ДЕКО-ШЕБЕР” студенттік  ғылыми үйірмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Ғылыми шығармашылықты дамыту мақсатында, кәсіби бағдар жұмыстары бағытында, орта мектеп  оқушылары, колледж студенттері үшін әзірленді. Бұл бағдарламалар әртүрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі оқушыларға, студенттерге ескере отырып құрылған.

Кафедра аға оқытушылары Н.Р.Кошкинбаева, Д.А.Жакипбекованың әдістемелік әзірлемелері мен кәсіпқойлығының үйлесімі арқасында тыңдаушылар бейнелеу өнері, ұлттық қол өнер, сәндік-қолданбалы өнер саласында білім, білік және дағдыларды алу мүмкіндігіне ие болды.

 

Шеберлік сыныпты Жамбыл облысы, Жуалы ауданының «Өнер» мектебінің директоры, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Қанат  Муратаевтың “Кескіндеме” тақырыбында шығармашылық  жұмыстар көрсетілімі ұсынылды. Сонымен қатар Қордай ауданы Сортөбе ауылы, №7 Бекқайнар колледжінің студенттері: Тепер Хадиджа  Рамазановна «Дүнген халқының киімдері мен  әшекейлері» тақырыбында, Кимура Малика Исмаровна «Дүнген халқының ұлттық кестелеуі» тақырыбында өз шығармашылық  жұмыстарын қорғады.

Тараз қаласының 51 мектеп оқушылары: Ердалы Мәдина Мұратқызы, Амангельді Аяжан және кафедра студенттері Тұрарова Айгерім., Оразбек Күнімнің баяндамалары тыңдалды. Іс-шара қорытындысы бойынша алғыс хаттарды факультет деканы А.Е Жаскиленова табыстады.

Прочитано 879 раз
Top