ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті әріптестер! 

Биыл ата-бабамыздың сан ғасырлық аңсаған арманы болған, азаттықтың ақ таңы атқан Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр.

Біз өз бағытымызды бағамдап, рухани азық болар мұраларымызды ұрпағымызға беріп, әлемнің жеті кереметіндей өзімізді танытар Ұлы Даланың Жеті Қырын жаңғыртып, рухани мүдде жолында күресіп келеміз! 

Тәуелсіздік тауқыметтерін жадында сақтап, жаңа әлемге жаңашылдықпен қарай алатын, әлемге танылған елміз! 

Жасампаздық пен жаңарудың отыз жылында күрделі де шытырман уақиғалар әрі сан қилы тағдырлар жатыр. Отыз жыл шеңберінде алдыңғы буын аға – апаларымыздың еңсерген қиындақтарына, төккен терлеріне, жеткен жетістіктеріне тағзым етеміз! Бұл жетістіктер қол жеткізген олжамыз, толағай табыстарымыз.

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің әлі талай асуды бағындырарына да сеніміміз мол. 

Құрметті ұжым! Баршаңызды тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, әрбір отбасыға амандық, саулық, бақыт пен шаттық тілеймін.

Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болғай!

Құрметпен, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры
Талғат Ешенқұлов.

Прочитано 890 раз
Top