СТУДЕНТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

2021 ж. 15-желтоқсан  күні М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «16-желтоқсан  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі» күніне орай, тиянақты жұмысымен жоғары білікті, ұқыпты, жауапкершілігі мол,  университеттің қоғамдық-әлеуметтік жұмыстарына белсене атсалысып жүрген қызметкерлер Дүйсенбаева Жанат Базартайқызы, Абдраимова Салтанат Смаилқызы, Ақаева  Айгүл Ақайқызы, Борзиков Владимир Константинович және студенттер 3-курс студенті Рахымбай Ержан Жанғалиұлы, 3-курс студенті  Толеубеков Ерғали Жеңісұлы,  1-курс студенті Қыдырали Шадияр Асаналиұлы,  2- курс студенті Қуанышбай Нұрдәулет Темірханұлы,  2-курс студенті Керімбай Сапарбай Серікбайұлы, 2-курс студенті Серікбаев Нұрқанат,  Дулати жастары студенттік халық театры Басқарма Төрағасы – Ректор Т. Ешенқұловтың алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, оқуда озаттылығымен, ғылыми жетістіктерімен, университетіміздің қоғамдық саяси, мәдени-көпшілік, спорттық іс-шараларына қатысып, қала, облыс, республика деңгейіндегі байқауларда университет имиджін нығайтуда өз үлестерін қосып жүрген студенттер Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Солтыбаевтың алғыс хатымен Ауесханов Алиман Қадырханқызы, Мұстафа Нұрила; «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстың филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Бейсенқұловтың алғыс хатымен Мадиева Алина Қанатқызы; Жамбыл облысы филиалы жанындағы «Nur Otan» партиясының облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы У. Болатбектің алғыс хатымен Серік Жазира Бекайдарқызы; Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Г. Мамедованың алғысхатымен 3-курс студенті Шарахманов Дониер Шасаматович, 2-курс студенті Скалкин Александр Олегович, 3-курс студенті Нунузов Азиз Кабулович, 2-курс студенті Егай Никол; Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ж. Сүлейменовтың алғысхатымен 4-курс студенті Генжаев Ықылас, 3-курс студенті Мақсатұлы Диас, 3-курс студенті Сандыбай Иман Махмұдұлы; Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы С. Берікқожаның алғыс хатымен 2-курс студенті Әуесхан Ағарыс Қанатұлы, 2-курс студенті Тлепбаев Ербол Маратұлы, 3-курс студенті Шалабек Мақсұт Балабекұлы; Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының алғысхатымен 2-курс студенті Сауханбек Бибарыс, Кетебаев Мырзабек марапаттарға ие болды.

Прочитано 976 раз
Top